Күштілер қаруы – сөз — Дулат Исабеков

«Өкпек жолаушы» бри­тан сахнасында қойылды. «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты повесім жеке кітап болып жарық көрді. Қызылорда театры Лон­дон­да «Өкпек жолаушыны» қой­ды. Астанада өткен фестивальде осы театрдың қойған спектаклі ағылшындарға ұнап, өздеріне шақыртқан болатын. Әр ұлттың пьесасын сол ұлттың өзінен ар­тық қоятын ешкім жоқ екен. Шекспирді қазақ театры қанша сахналағанымен, оны ағылшын театрынан асырып қоя алмай­мыз. Италияның ариясын қазақ әншілері жақсы орындағанымен, италияндықтардай шебер орын­дай алмайтыны белгілі. Осы­­ның бәрін сөзге тиек ете ке­­ліп, бала кездегі бір өліп-тіріл­ге­німді де мысалға келтірдім. Қа­ра борбай бала кезімде «өліп қалды» деп үл­кендер мені жер­лемек болға­нын, көмуге алып бара жат­қа­нында көзімді ашып қал­ғаным­да, адамдар шалқа­сы­нан түс­кенін айтып бердім. Қал­жыңмен айтқан сөзіме жиыл­ған­дар біраз күліп алды. Елдің жайын, елі­мізде «Рухани жаң­ғыру­дың» жү­ріп жатқанын айттым. Лон­донда фестиваль өт­кізуіміздің өзі Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасы аясында өтіп жат­қанын сөз еттім. Әлем­нің озық шығармаларын, клас­сик жазу­шыларының барлығын бірдей жақсы білеміз. Киносын, теат­рын, өнерін жылы қабыл­дай­мыз. Олар қазақ жазушысын біле ме? Біздің алдымызға осын­дай міндет қойылғанын, әрі тәуелсіздіктің арқасында қазақ жазушысының шығармалары Еуропа төріне шыққанын айтып өттім. Екі дүниежүзілік соғысты адам­зат бастан кешірді. Менің әкем де екінші соғыста қаза тап­ты. Ел қорғады, жерін қорғады. Соғыс болмаған кезде әкем ерте көз жұмбас еді, бес баламен же­сір қалған анам ерте қайтыс бол­мас еді. Өмірде кездейсоқтық бо­ла ма, жоқ па білмеймін. Тағ­дыр мені «өлтірмей» аман алып қалды. Мұның бәрі кездейсоқ нәр­се шығар. Қазір де айнала­мыз­да соғыс қаупі жүріп жатыр. Адам­зат баласы үшінші дүние­жүзілік соғысты бастан кешір­меуі керек. Библияда: «В начале бы­ло слово» деген сөз бар. Қару-жа­рақ жасауға қыруар қаржы шы­ғарғанша, әдебиет пен мәде­ниетке осыншама қаржы шы­ғарар болсақ, біз онда ұтар едік. Әрбір ортаңқол жазушының артында кем дегенде, 10-15 мың оқыр­ман бар. Дүниежүзі жазу­шыларына осы санды көбейтсек, қанша болатынын бағамдай бе­ріңіз. Онда сөзбен қаруланған үл­кен бір күш болар еді. «ПЭН» клуб та алғаш осы жерде ашылды дегенді айтып өттім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұсынысымен Сириядағы соғысты тоқтатуға бай­ланысты келіссөздер Аста­нада өткізіліп жүр. Бұл да біздің бейбітсүйгіш халық екенімізді көрсетеді. Мұндағы басты қаруы­мыз да – сөз. Сөзбен со­ғыс­қа тоқтау салғымыз келетінін айттым. Рухани жаңғырудың аясында іске асырылып жатқан дүниелерге де арнайы тоқтал­дым. Қазақ әдебиетінің мәселесі айтылды. «Біздің әдебиет батыс­тың әдебиетінен кем соқпайды. Жазушыларымыздың бәрі батыс мектебін жақсы меңгерген. Еу­ро­па үлгісінде шығыстық бейне­сін сақтай отырып, жазылған шы­ғармалар бар. Осыған көбірек көңіл бөлсеңіздер екен» дегенді ай­та кеттім. – «Актрисаны» Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры ұсынған екен. Неге кәріс театры ұсынды? «Актрисаны» қазақ театр­лары да көп қойған жоқ па? – Кәріс театры қойған «Акт­ри­саның» орны бөлек. Оны

Pages: 1 2 3 4 5