мақұлдаса, журналға шығасың. Жастарды кезексіз шығарайық деп айтып көремін» деді. Сырбай Мәуленов «Жұлдыздың» бас редакторы. Содан қалтырып, Сырбай ағаның оқуын күттік. Бір күні Рахаң, Сырбай аға шақырғанын айтты. Барсам, даусы гүрілдеп отыр екен. Ол кісі де бетімнен сүйіп: «Мынандай повесть жазған екенсің, айналайын. Мені бұны досыл ғып жіберемін» деді. Досыл деген кеткен журналдың ішінен бір материалды алып тастап, орнына салады. Жүрегім жарыла қуандым. Осылай «Гауһартас» шыққан еді. Содан кейін біз ағалы-інілі боп араласып кеттік. Осы күнгі министр Ақтотыны талай рет балабақшасына бірге апарып, концерттеріне барып, қолдан өсірген қыз ғой. Ол да пьеса жазылып біткенде қатты қуанды. Қанша айтқанмен әкесі ғой. Басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ қыз. «Аға, сіз театрды жақсы білесіз ғой. Мен араласпай-ақ қояйын. Өзіңіз айтыңызшы. Мен аралассам, тағы бір сөздер шығып кетеді артынан» деді. Жарайды деп, Әуезов театрымен өзім сөйлестім. Еркін Жуасбек оқып шығып, режиссер дайындады. Ол менімен хабарласты. Келесі жылдың репертуарына «Мақшардағы махаббат» еніп тұр.
Екіншісі, тура 11 қарашада үлкен пьеса бітірдім. Оған көп уақытым кетті. «Бөрте ханым» деген. Қарап тұрсам, біздің сахнамызда, экранымызда нағыз қазақ қызының бейнесі жоқ екен. Томириске бір жабысамыз, Ұмай анаға бір жабысамыз. Олар қазақ емес қой. Сақтар түркі тілдес халық емес. Содан ойланып, неге Бөртені жазбасқа дедім. Оның үстіне қоңырат руының қызы. Мен де қоңыратпын. Мәселе қоңыраттығымда емес. Сондай бір керемет образ. Кітап оқуға бес-алты ай уақытым кетті. Бөрте туралы материал аз. Әр кітаптан тозаңдап жинап жүріп, жиырма бес беттік жоспарын жасадым. Бөрте туралы оқиғалар деп, бес-алты бет тізімін жаздым. Соның бәрін зерттеп, жетпіс беттік пьеса жазылды. Енді ондай ұзақ шығарманы қоятын театр табыла ма екен деп ойлап отырмын.
Бірақ табылып қалар деп ойлаймын. Өйткені Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры екі жарым сағыттық спектакль қойды. Тапжылмай көрдік. Үш сағаттық қойылымды көруге қазақтың қуығы шыдайтын шығар.
– Кезінде «Абылай хан» да ұзақ болды ғой…
– Иә, ұзақ еді. Театр көрермендерін тәрбиелеудің орнына, алда жүрудің орнына, қазір соңына түсіп алды. Көрермендердің қалауынша спектакль қоятын болды. Тіпті, театр мамандарының бірінші қоятын сұрағы: «Спектакль қанша уақыт жүреді?». Екі сағатты қзақсынады. Ал әлемдік театрда хабары бар адамдар, бұл ұзақ емес екенін біледі. Францияда «Оранжерия» деген театр бар. Онда он екі сағаттық спектакль бар. Таңғы онда басталса, кешке онда бітеді. Тамағы ішінде, төрт антрактен тұрады. «Дю солей» деген Мшункинаның театры бар. Онда бес сағаттық спектакльдер бар. Сонда «Индиана» деген спектакльді тапжылмай отырып көрдік. Мнушкинаның әкесі 1912 жылы Францияға барып, сонда тұрақтап қалған. Ал біз екі сағаттан асып кетсе, шыдымайды. Осындай