дегені бар. Шындықты қалай айтуды өзімізден емес, осылардан үйрендік. Джон (Ричард) Олдингтонның «Смерть героя» деген романы бар. Соның алғысөзінде: «Дивная старая Англия. Да поразит тебя сифилис, старая сука, ты нас отдала на съедение червям», – дейді. Көрдіңіз бе, қандай батылдық, қорықпау, жалтақтамау. Күйіп кеткен ғой енді. Арғы классиктерді айтпағанда, осы Ирвин Шоу, Макс Фриш, Джон Олдингтонтардан тәлім-тәрбие алу керек. Батылдықты, мәселені қоя білуді, кейіпкерді таңдай білуді, кейіпкерді аямауды, сөйте тұра керек болса садизмге баруды үйренуіміз керек. Осылардың бәрі жазушылық шеберлікке кіреді. Жазушылықтың оқуы жоқ деген – осы. 10 университетті бітіруің мүмкін, бірақ жазушылықтың оқуын ешкім үйрете алмайды. Сабақ беріп жатырмыз ғой, бірақ үйретіп шыға алмайсың. Тек бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейсің. Кезінде Әдебиет институтында сабақ берген Трифонов менің сүйікті жазушым еді. Өзі керемет стилист, мықты жазушы, жастар жақсы оқиды. Соған: «бізге өз тәжірибеңізді айтып берсеңіз» дегенде, бір ай сабақ өтіпті де, соңынан студенттердің бәрін кафеге шақырыпты. Алдындағы 40-50 қыз жігітке: «Мен айтарымды айтып болдым, енді дәріс оқымаймын. Теориялық жағын біттім, енді сұрақтарыңа жауап беріп қана отырамын. Бес жыл бойы теорияны айту мүмкін емес қой», – деген көрінеді. Әлемдік философияның өзі 20-ақ том, қазақтікі де 20 том. Ұят-ай. Баяғыда айтып едім, бізге қарағанда әлем түк бітірмепті ғой, ал біз 20 том жасап қойыппыз. Жаза береміз, ұялмаймыз.
– Соңғы жылдары қазақ драматургиясын қара нардай алға сүйреп келесіз. Әкемтетарда Балуан Шолақ туралы “Жаужүрек”, Мағжан ақын жөнінде “Жүз жылдық махаббат” қойылып келеді. Өзіңіз де драматургияға түбегейлі бет бұрған секілдісіз…
– Рас, осыған дейін 24 пьесаның авторы болдым. Мақтанғаным емес, барлығы қойылды. Тең жартысы Еуропа театрларында жүріп жатыр. Биыл «Аққу – Жібек» деген пьесамды Король театры қойды. 3-қазан күні премьерасы болды, бәріміз бардық. Санкт-Петербург, Мәскеу театрларында да қойылып жатыр. «Аққу – Жібекті» қойып жатқан жігіт, 36 жаста, өзі – ағылшын, испан нәсілінен. Ол келер жылы бұл спектакльді Мадридке апарамын дейді. Көптеген адамдар «Пьесамды қоймадың» деп дауласып, арыз жазып жатады. Мен осы күнге дейін бірде-бір театрға «менің пьесамды ал» деп өтініш жасаған емеспін. Өздері «Не жаңалық бар?» деп сұрап тұрады. Мен пьеса жазып жатқанымды айтамын. Олар «Бізге әкеліңіз» дейді. Міне, осылай қойып жатады.
Жалпы біздің сахнада қойылып жатқан шығармалардың көбісі драматургия заңдылықтарына жауап бермейді. Көбі – сахналық проза. Драматургия деген адамның көз алдында даму керек. Мәселен, сыртта дайын болып келген оқиға мені қызықтырмайды. Сосын бәрі бір тектес. Батырлар туралы жазу сән болып кетті. Бәрі бірдей, бірқалыпты. Баяғы найза, баяғы сауыт, баяғы тәуелсіздік, бостандық, жаудан жерімізді азат ету. «Қанымыз бен жанымыз», «найзаның ұшымен,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21