жетеді. Ризамын. Ал 14 томды жазып, оны оқы деу… Менен басқа жазушы жоқ па? Басқаларға да уақыт қалдыру керек қой.
– Шоқан туралы жазу керек деп айтып қалдыңыз. Неге өзіңіз жазбайсыз?
– Басқаларға да тақырып керек қой. Біз Шоқанның моласының астында кім жатқанын білмейміз. Өйткені Шоқанның қалай өлгенін бәріңіз білесіздер. Моласын ашып қарайын дегенде ешкім рұқсат бермеді. Сол жерде анық Шоқан жатыр ма, жоқ па? Кім жатыр? Неге Шоқан өлген соң генерал Колпаковский үш ай бойы басына қарауыл қояды? Міне, сұрақ осыдан басталады. Генерал Черняев Шоқанның досы болды, кадет корпусында бірге оқыды. Ол бүкіл әулие жерлер, арғы жағы Ташкентті жаулап алып, Әулиеата, Верныйға келе жатқанда Шоқан алдынан шықты. Екеуі – дос, құшақтасып, сүйісті. Оған дейін Шоқанға: «Мен сенің еліңе келемін, оқу-білім, кітап, бәрін алып келемін. Мектептер ашамыз», – деген. Шоқан анықтап қараса, Черняевта пушкадан басқа ештеңе жоқ. Содан Черняевтан: «Сенің кітаптарың қайда? Оқу-білім әкелемін деген едің ғой?» – деп сұрайды. Ол: «Бұл – орыс империясының саясаты. Сен оған араласпа, бәрің орыс империясына қарауың керек», – деп жауап берген. Әсіресе, мешітті зеңбірекпен атқаннан кейін Шоқан ренжіп, өзінің отрядымен кетіп қалады. Черняев артынан қуғыншы жібереді, бұлар қашады. Біреулер атып, Шоқанға оқ тиеді. Сол оқ өкпесінде оқ қалған. Ал оны туберкулезден өлді дейді. Ештеңеден таршылық көрмеген аға сұлтанның баласы туберкулезбен ауыра ма? «Тезек төренің қолында жатып қайтыс болды» делінеді, бірақ ол өлген жоқ. Оны қайтадан Жоңғар сапарына жіберген. Міне, осы дүниені Мәскеудегі кездесуде айтқанымда қазақ тарихына жетік бір орыс: «Откуда вы взяли?» деп сұрақ қойды. Себебін айттым. Менің аға досым, жазушы Әнуар Әлімжанов кезінде өте танымал адам болды. Америкаға барып, әл-Фараби жайлы 3 ай лекция оқыды. Ол 1875 жылы жарық көрген бір газеттен Шоқан туралы оқығанын айтатын. Шоқан бізде 1865 жылы қайтыс болды делінеді ғой, ал ол газетте: «Жақында Азиядан шыққан атақты саяхатшы, орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қайтыс болды», – деп жазылған. Яғни, 10 жылдан кейін өмірден өткені айтылған. Әнуардан бұл туралы естіген кез шамамен, 1986 жылдар. Қателігім сол, анықтап сұрап алмаппын. Ол газеттің қиындысы бар да шығар. Әнуар бір нәрсені жайдан-жай айта салатын адам емес. Кейін әйелінен, баласынан, Әнуар жайлы зерттеп жүрген Ғаббас Қабышұлынан «Архивінде бар ма?» деп сұраған едім, таппағандарын айтты. Бірақ факт бар. Әнуар ондай өтірікті айтпайды. Тарихқа көзқарасымызды осылай өзгертуіміз керек, ізденуіміз қажет.
Сұлтан Бейбарысты да өзіміз тапқан жоқпыз. Біз ештеңе іздеп тапқан адам емеспіз, өзі. Сұлтан Бейбарысты бізге тауып берген адам – Морис Симошко. Оның жазуынша Бейбарыс жусанды иіскейді де, отаны
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21