Жазушы Дулат Исабековтың бір күні

есіне түседі. Қазір осы деталь қазақтың барлық шығармаларында жүретін болды. Басқа нәрсе ойлап табуға болады ғой. Мен «Жүз жылдық махаббат» спектаклінде Мағжанның иткөйлегін ойлап таптым.

– “Жұрт жабыла мақтаған Харуки Мураками, Пауло Коэльо шығармалары қазақтың шығармаларынан әлдеқайда төмен. Ал қазақ әдебиеті аспанында жұлдыздар баяғыда туғанымен, жұрттың көзіне түсе алмай-ақ келе жатыр” деген пікіріңіз бар. Қазақ қаламгерлерінің жұрт көзіне түспеуінің, әлемге танылмай жатуының сыры неде? Дұрыс аударылмауы ма, әлде басқа себеп бар ма?

 Аудармаға жала жаба бермеу керек. Қандай жаман аудармашы болса да, прозаның мағынасын береді. Біздің шығармаларда жоғарыда айтқанымдай, көпсөзділік көп. Оқиғаның діңгегінен айрылып қаламыз. Көзге көрінген нәрсені, жолда тышқан көріп қалсақ соны суреттеп кетеміз. Шай ішу мәселесі болса, шайды 3-4 бетке сораптап созамыз. Осындай артық детальдарымыз өте көп. Қазір қысқа жазатын заман келді. Табиғатты суреттеуге 2-3 сөйлем жетеді. М.Әуезов ауаны «Ауада дымқыл сыз бар» деп қана қалай керемет суреттеген! Ал қазір біреуге арнау өлең жазсақ, кемі 10 шумақ жазамыз. Екі шумақ жетпей ме?! Әдебиетте әр нәрсенің өлшемін білген жөн. Қазанға тұз көп салсаң – ащы, кем салсаң, татымай қалады ғой. Сол секілді оқиғаны суреттегенде де өлшем керек. Сосын шығармаларымызда ақыл айтқанды жақсы көреміз. Ақыл әрекет, оқиға, көзқарас, монологтар арқылы ғана айтылу керек. Өз тәжірибем арқылы осыған көз жеткіздім.

Англияда менің «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты повесім жеке кітап болып шықты. Екі қол, екі аяғы жоқ күйеуін соғыстан күтіп алған Орыншаның тағдырын ағылшындар жылап оқыды. Сол күйеуі арбамен шығып, боранда қатып қалғанда Орыншаның: «Құдай жоқ! Болса мынаның бәрін көрмей ме?! Соғыста өлтірмей мұнда әкеліп неге өлтіресің? Бізді қорлаудың бұдан артық түрін таппадың ба? Сенің көзің де, құлағың да жоқ, соқырсың, мылқаусың. Әйтпесе, саған не жаздық?!» – деп зарлағанда, менің апам барып: «Орынша, не болды? Не болды? О, Құдай!» – деп қасына жақындап: «Орынша, жүрші, үйге барып ыстық шай ішші», — дейді. Ол: «Ішпеймін, аузым күйіп қалады», – деп ақыры жындыханаға түсетін болады. Балалары жылап, ешкімге ұстатпайды. Егер мен осыны соза түссем, қызық болмас еді. Екі беттен асырмадым. Алғаш шошығанмен, бір сағаттан соң өлікке де адам үйреніп қалады. Сондықтан керектісін ғана айтып қою керек. Оларға «қазағым» деген шығармалар керек емес. Еуропаша жазудың да қажеті жоқ. Осы екеуін синтездей білу керек. Образың, айтатын оқиғаң, кейіпкерің оларға жаңалық болу қажет. Мәселен, Англияға Тұрар Рысқұловтың, Сұлтан Бейбарыстың қажеті жоқ. Оларға Аттила, Қажымұрат керек.

– Неге Қажымұрат?

– Себебі ол – 300 жыл бойы үлкен империямен соғысқан кішкентай авар халқының өкілі. Қажымұраттікі не деген ержүректілік, қайтпас

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21