қайсарлық! Немесе Шолоховтың «Адам тағдырын» алайық, соғыстың бүкіл әңгімесі қамтылған ғой. Мен осы туындысын «Тынық Доннан» да жоғары қоямын. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күнін» де кейде «Абай жолының» 3,4 томынан артық көретінім бар.
– Аға, бір сұхбатыңызда қазір әдебиет үшін құрбандыққа баратын жанның жоқтығын айтып, Асқар Сүлейменовтің: «Егер Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтанов, Әнуар Әлімжанов үшеуі кездесіп қалып, біреуі: «Міне, мына жерде үлкен құз. Әдебиет үшін кімде-кім құзға құлайтын болса, соның әдебиеті өркендейді, өзі де аман қалады, халқы да аман қалады. Кім құлайды?» – десе, Нұрпейісов дәрігерден анықтама алып келіп: «Құлауға шамам жоқ, мен ауырып жатырмын» – дейтін еді. Тахауи: «Ертең Бакуге барып баяндама жасауым керек еді, оған бара алмаймын», – дейді. Қалбалақтап Әнуар Әлімжанов құлайтын шығар», – дегенін келтірген екенсіз. Ал өзіңіз ше? Әдебиет үшін қандай да бір құрбандыққа бара алдыңыз ба?
– Құрбандыққа баратындай, алдымызда ондай таңдау тұрған жоқ. Кім біледі, репрессия кезі болса, баяғыда кетіп қалатын уақытымыз болды. Әсіресе, біздің буын батылдау жазды ғой. Төленнің шығармаларын қарашы. Әбіш енді бас кететін нәрсеге бара қойған жоқ. «Гүл сатушы қыз», «Тасбақаның шөбі», «Шыңырау» секілді тарихи тақырыптарды қаузады. Әсіресе, менің аман қалуым мүмкін емес еді. Менің кітабымды кезінде Кеңес үкіметі «Тіршілік» деген повесім үшін 5 жыл бойы баспай қойды. Көкнәрші шал кейіпкерім үшін «Дулат Исабеков қазақ әдебиетінде марихуаннаны жарнамалады» деген айып тағылды. Соны жасаған – өзіміздің қазақтар. ЦК-да баяндама жасалды. Баяндаманы жасаған адам қазір тірі. «Марихуаннаны мадақтап жатқан жоқпын, ішіңдер деп жатқан жоқпын. Ол – жай жолы болмаған адам», – деймін жаным шырқырап. Ақыры, не істерімді білмей екі бет арызымды алып Мәскеуге тарттым. Ондағылар «шығармаларыңның бәрін сөзбе-сөз аудартып, бізге жібер» деді. Жібердім. Сегіз айдан кейін хат келді. Заң бойынша үш рецензияға береді, екеуі оң көзқарастағы болса, тізімге кіргізеді. Үшеуі де оң, әсіресе үшіншісі шығармаларымды мақтап жазыпты. Қуанғаннан төбем көкке екі елі жетпеді. Солай 1979 жылы «Отчий дом» деген атпен кітабым шығарды. «Литература» газетінде Николай Равенскийдің «Цена добраты и о новых повестях молодого казахского писателя Дулат Исабекова» үлкен мақаласы жарық көрді. Мәскеу кейде бізді құртады, кейде осылай құтқарады.
– 1980 жылы жарық көрген «Қарғын» да алғашында сыналды емес пе?
– Алғашында сыналғанмен оқырман жылы қабылдады. Сол 1980 жылдан әлі күнге дейін оқып жатыр ғой.
– Иә, интеллектуалдық роман деп жүргендер де жоқ емес. Ал прототипіңіз Асқар Сүлейменов бұл романыңызға қандай берді? Қай тұсын ұнатып, қай жерін ұнатпады?
– «Сіз туралы деректі роман жазып жатырмын» деп бірден өзіне айттым. «Маған енді сол қалып еді», – деп мырс
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21