етіп күлді. Жазып біткеннен кейін сенбі күні ғой деймін, «оқып шық» деп үйіне апардым. Ол кітапты тез оқиды. Дүйсенбі күні «бітірдім» деп алып келіпті. Мен «Өтірік, қайдан бітірдің?» деймін. Менің сол кездегі арық түріме қарап ол: Ой, сен де өзі көзің шүңірейіп алып адамның айтқанына сенбейді екенсің», – деді. «Қалай?» – деймін ғой, ынтығып. Ол «шик» деді де, қойды. Түсіндіріп, тарқатып ештеңе айтқан жоқ. Өзі детектив оқығанды жақсы көретін. «Агата Кристиді оқығандай тез оқып шықтым, детектив оқығандай болдым», – деді. «Болды ма, басқа беретің бағаң жоқ па?» – десем, «жоқ», – дейді. Өзінің мінезі осындай еді ғой. Бірақ арасында сөйлесіп, шәй, кофе ішіп отырғанда оқығанын білдіріп, арасынан үзінді айтып қоятын. Бір күні барда отырмыз. Қызмет көрсетіп әдемілеу қыз жүр екен. «Бала, бері кел, мына шүңірек көз жігіттің романын жууым керек еді. Соған 50 грамм коньяк құй, ақша жоқ, қарызға», – деді. Қыз: «Жарайды», – деп құйып беріп жатыр. Сөйтсе Асқар романнан үзінді оқып: «Астыңғы ерніңнен бір, үстіңгі ерніңнен бір сүйетін қыз екенсің, ә?» – деді, қыз түсінбей «Не айтып тұрсыз, аға?» – деп еді, «Жай, өзіміздің арамыздағы фраза», – деп жауап берді. Сөйтіп, сүйсінген жерлерін білдіріп, айтып отыратын. Ешкімде жоқ, оригинальный аттарды жақсы көрді. «Пікән» деген кейіпкерімнің есіміне шегі қатқанша күлі күліп, «Қайдан тауып аласың?» – дейтін еді. «Біздің ауылда неше түрлі аттар бар ғой», – деймін. «Қарғын» шыққаннан бастап жұрттың қоятын сұрағы «Прототипі кім», Бағила кім?» болып келді. Бір қызды айтсам, тевидение үйіне іздеп барыпты. «Күйеуім ұрсады» деп сұхбатты әрең берген көрінеді. Бір күні институтта отыр едім, шамамен, 40-45-тегі екі әйел іздеп келіпті. «Дулат Исабеков деген сіз боласыз ба? «Қарғынды» сіз жаздыңыз ба?» – дейді. «Иә», – деймін. «Неге жаздыңыз? Біз сол кезде ЖенПИ-дің үшінші курс студенттері едік. «Қарғынды» оқып шығып, жігіттердің бәрінен Жасынды іздедік. Жап-жақсы жүріп жүрген жігіттеріміз бар еді, олардың сөйлеген сөздеріне «Жасын осылай айтатын ба еді?» деп, бойларына, сөздеріне, киім киістеріне күлеміз. Сөйтіп жүріп жігіттерімізбен ажырасып кеттік. Ондай жігіт бар ма, өзі?» – дейді. «Бар», – деймін. «Қайда?» – дейді. «Қайтыс болып кеткен», – деймін. «Өтірік жазғансыз», – деп сенбеді.
— Әшірбек Сығай сізді “Күрделі жанрдың жауынгері” атады. Осыған дейін 27 пьеса жазыпсыз, оның бәрі қойылыпты. Сіздің пьесаларыңыздың өміршең болуының сыры неде? Елімізде неге драматургтер аз? Олардың бағасы қандай?
— Бірінші кітабым «Бекет» студент кезімде шықты, 5-курста, 24000 тиражбен шықты. Қазір онда таралым түсімізге кірмейді. 2000 тиражбен шықтық, Мәскеуде 1000-мен шығарамыз. Ол кімге жетеді? Нарық әдебиеттің тажалына айналды. Бәсекеге қабілеттілік әдебиетке жүрмейді. Детектив
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21