жазып, миллиондаған ақша тауып жатқан Дария Донцованың кітабы мен Нұрпейісовтің «Қан мен терін» немесе «Соңғы парызын» ал. Осының қайсысы әдебиет? Әрине, «Соңғы парыз» – әдебиет. Джоан Роулинг пен Борис Акуниндікі әдебиет пе? Жоқ. Трифонов, Распутин, Астафьев, Фазыл Искандер, Андрей Битовтің жазғандары – әдебиет. Осыларды бір қатарға қойып көр. Бәсекеге келе ме? Бұл кірпіш немесе нан зауыты емес. Біздің басшылар Америкаға барып, солардан үйреніп келген болып: «Америкада жазушылар өз күнін өзі көреді екен, жазушыларда бәсекеге қабілеттілік бар екен», – дейді. Америкада 350 млн. адам бар. Оның бәрі ағылшынша оқиды, әлемнің жартысы ағылшынша оқиды. Ал қазақ тіліндегі әдебиетті кім оқиды? 11 млн дейміз, соның көп болса 200 мыңы оқитын шығар қалғандары кітап оқымайды. Сол 200 мың үшін таласқан әдебиетімізде қалай бәсекеге қабілеттілік болады? Әдебиетке ақындар көп келіп жатыр, ал драматургтер жоқ, прозаиктер өте аз. «Ақын көп, айналайындар. Әңгіме жазыңдар» деп шырылдаймын да жатамын. Драматургия да жоқ. Өйткені ол “Тынық Донды” 30 бетке сыйдырумен бірдей. Әлеуметтік жағынан біздің қоғамда драматург боп өмір сүру де оңай емес. Бір автор жылына бір пьеса жаза бермейді, ол тауық емес қой күнде туатын. Сондықтан бала-шағасы тұрмақ, өзінің қара басын асырай алмайды. Ал Кеңес үкіметі кезінде гонорар жақсы төленгенімен қоймай, стимул болатын, ең құрығанда атың шығатын. Мәселен, Оралхан біздің арамызда ең алғаш «Құлыным менің» деген пьеса жазды. Әуезов театрында пьесаңның қойылуы – ол кезде үлкен оқиға. Қазір ғой, ақша төлейді, басқа қылады, екінің бірі қоя алады. Түк қадірі қалмады. Сол кезде Оралханға бәріміз қызықтық, қызғандық. Әуезов театры Оралханның пьесасын қоя ма? Мүмкін емес! Азаптанып жүріп, премьерасына жетті. Премьерасына бардық. Кімсің? Оралхан болып шыға келді. Баяғының прозасы бір басқа, жас жазушы, драматург Оралханның пьесасы бір басқа. Актерлер де, авторлар да «Комсомол» сыйлығының лауреаттары болды. Осындай стимулдар болатын. Қазір оның бірі де жоқ. Премьералар өтіп жатыр, адамдар білмейді. Бұрын жас драматургтің келуі бүкілқазақстандық оқиға болатын. Сосын қазір әдебиетке де ешкім лек-лек болып келмейді, бәрі жеке-жеке. Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанын да білмейсің. Біздің кезімізде шаңдатып тұрып, бүкіл буын болып келетін. Әбіштердің буыны бір бөлек келді, біздің буын оларға ұқсамай, өздерінше бір дүбірімен келді. Одан кейін мына Нұрғали Ораздардың тобы келді. Қазір ешкімді білмейсің. Бұрын бір «Қазақ әдебиеті» болатын. Оған біздің басылуымыз қиын еді. Көлемі 6-ақ бет. «Социалистік Қазақстан» тіпті әдебиетпен айналыспайтын. Облыстық «Жетісу» газеті, «Қазақстан әйелдері», «Мәдениет және тұрмыс», «Коммунист» журналы, «Лениншіл жас» қана болды. Бәрімізді тәрбиелеп шығарған осы – “Лениншіл жас”. Оның тиражы млн-ға жуық, 600-700 мың болды. “Лениншіл жастың” үш нөміріне «Шойын құлақ» деген әңгімем шыққан еді, сонымен-ақ
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21