атақты болдым. Ал «Жұлдыздан» бізге орын тимейтін. Ол кезде Әуезовтен басқа классиктердің бәрі тірі. Бір романдарының өзі 5-6 нөмірге бір-ақ кетеді. “Жалын” журналы жоқ болатын. Бір жағы газет-журналдың аз болғаны да дұрыс па деп ойлап қалдым. Өйткені, бұрын бір ақынның бір шумақ өлеңі шықса да біздерге аты белгілі болатын. Қазір “10 кітаптың авторымын” дейді, атын білмейсің. Ол кезде ұлтарақтай кітабы шықса да, танитынбыз. «Тұңғыш кітап» деген кішкентай ғана серия болды. Сонымен шыққан ақындардың бәрін біліп отыратынбыз. Қазір трилогия жаздым деп келеді, менің “Трилогияны қалай жазып жүрсің?” деп зәрем қалмайды. “Әбдіжәміл Нұрпейісов трилогиясына, Мұхтар Әуезов 4 томдығына өмірін арнады. Ал сендер 2-3 жылда қорықпай трилогия жазасыңдар. Қандай батылсыңдар? Кітабыңда трилогияға жететін оқиға бар ма?” – десем, алып келгені – 86 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Ол оқиғаға трилогия арнау керек пе? Орыстарда декабристердің қозғалысы, 1905 жылғы революция секілді ондай революцияның мың, миллионы өткен. Бірақ ешкім декабристер туралы роман жазған жоқ. Олар естелік, мақаламен шектеледі. Ал біз арнаймыз. Неге? Тағы да талғамның төмендігінен, оқиғаны іріктей алмайтындықтан. 86 жылғы оқиғаға үлкен бір мақала жазу керек болар, мүмкін сахналық бір пьеса қоюға да келетін шығар. Баяғыда Әуезов театрында Абылай ханға арналған 5 спектакль жүріп жатты. Бір театрда! Сонда қалай? Егер шетелдің бір сыншысы келіп, қазақтың бас театрынан бір Абылай ханға арналған 5 спектакльді көрсе, талып түспей ме? Бұл қалай? Юлий Цезарь жайлы 5 спектакль бір театрда жүре ме? Англияда бес пьесаны бір адамға арнай ма? Оларда да ұлы адамдар толып жатыр. Сосын бізде автормен жұмыс істеудің үлгісі жолға қойылмаған. Режиссерлер “драматург жоқ, пьеса жоқ” деуді ғана біледі. Өткенде сондай пікірге Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының: «Неге бізде драматургия жоқ дей бересіңдер? Дулат Исабековті әлемнің жартысы қойып жатыр, сендер жоқ дейсіңдер. Алыңдар да, қойыңдар. Неге қоймайсыңдар?» — деп жауап беріп жатқанын көріп қалдым. Ауыз үйреніп кеткен соң айтылады. Әйтпесе, біздің режиссерлерлердің автормен жұмыс істеуіңінің ең озық үлгісі – пьесасын қысқарту. Бір «Жүз жылдық махаббаттың» өзін бір рет жаптырдық, қайтадан аштырдық, қайтадан жабатын болып, ақырында осы нұсқамен шықты. Ал Петербургте спектаклім қойылып жатқанда олар үнемі поштама хат жазып, өзгерткілері келген әр сөзіме рұқсат сұрап отырды. Бізде тұтас беттерді алып лақтырып жібереді. Ойбай салып: “Айналайын, мен жетпіске келдім, не айтатынымды білемін. Пьеса ұнады ма, алыңдар. Ұнамаса, қайтарып беріңдер. Өз жандарыңнан сөз қосқанша, мықты болсаңдар, өздерің пьеса жазып алсаңдаршы”, — деймін. Әуезовтердің өзін қараңыздар. “Еңлік-Кебектің” немесе “Қарагөздің” кезінде таңнан кешке шейін репетицияға араласып отырған. Қазір автордан аяғын тарта ма, кедергі келтіреді дей ме, шақырмайды. Бірде Алматыдағы Лермонтов театры Булгаков жайлы пьесамды
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21