қоятын болды. Бұлардың жұмыс стилі біздің қазақ театрынан әлдеқайда басқаша. Пьеса оқылды ма, оқылды. Қоямыз деп қабылдады ма, болды, бір мәселе шешілді. Бұған енді қайтып оралмайды. Енді мәтінмен жұмыс істеу үшін театрдың бас режиссері Андриасянның саяжайына бардық. Өзі, мен, аудармашы Арцишевский, Бадиков. Сол төртеуіміз саяжайда күні бойы отырып, бірінші жолдан бастап талқыладық. Диалогтар, сөйлемдер кетеді. Әр сөйлемде екпін қай сөзге берілетінін, кейіпкердің образын қалай ашатынымызды талқылаймыз. Сосын режиссер оның барлығын актерге түсіндіреді. Петербургте үш спектаклім қойылды, олар да хат жазып жатады. Булгаков туралы пьесаны қойғанда Малышевский қонақүйімді төлейтіндерін айтып, төрт күн бұрын келуімді өтінді. Бардым, көрсетті, “Премьераға әлі төрт күн бар, осы жерлерін жөндесеңдер екен” деп пікірімді айттым. Премьера 2016 жылдың, 1 шілдесінде болды. Ескертулерімнің біразын түзетті. Осындайда қалай риза болмайсың, автордың пікірімен санасу, сөйлесу деген – мәдениеттілік. Не дегенмен, 300 жылдық тарихы бар театрлар ғой. Біздің премьералар сүндет той сияқты. “Жоғары шық”, “төбеге шық” деп бастықтар келсе, құрақ ұшып жүргені. Олар Президент келсе де олай істемейді.
— Сіздің спектакльдеріңіз шетел театрларының сахнасында қанша жылдан бері қойылып келе жатыр?
— Жалпы 2016 жылдан басталды ғой. Петербургте 3-уі жүрді, Булгаков жайлы «Сети дьявола», «Құстар фестивалі», «Транзитный пассажирді» қойды. Болгария, Түркия, Кореяда көрсетілді. Енді Лондонда екіншісі, «Аққу-Жібек» қойылғалы жатыр. Мен оны ағылшындар үшін емес, қазағым үшін жаздым. Олар өздері бірнеше пьесаның ішінен осыны таңдады. Мұнда Төлеген де, Жібек те бар. Аңыз олар үшін өте қызық. Өзі көп болса17-18-ақ бет. Соны 1,5 сағатқа “музыкальный” ғып қойып жатыр. Пьеса атасы мен немересінің әңгімесінен басталады. «Ата, бұрын біздің көлде аққулар болған деседі. Қазір неге жоқ?» деп – сұрайды бала. Сонда атасы, оның себебі түсіндіріп, ертегіні айтады. Қыз Жібек пен Төлегенді, Бекежанды, араларындағы ғашықтық оқиғасын баяндайды. Соңында сол көлге аққуға айналып кеткен Төлеген мен Жібек келіп қонады. Бұл – біздің ұлттық махаббат, ағылшында, Норвегия, Голландияда жоқ. Ертегілер отаны Шотландияда да жоқ.
— Шетелде қойылатын пьесаларыңызға режиссерлерді немесе аудармашыларды өзіңіз таңдайсыз ба?
— Аудармашыларды таңдай алмаймын, ағылшын тілін білмеймін ғой. Ал орысшаны таңдаймын, кейбір тұстарын өзім аударамын. Осы жолы, әсіресе, “Өкпек жолаушының” бірнеше бетін өзім аудардым. Менің сценарийім бойынша түсіріліп жатқан “Балуан Шолақ” фильміне Нұргелді Садығұловтың режиссерлік еткенін өзім қаладым. Өйткені, оның мақсаты – ұлттық кино жасау. Қазақша түсіріп жатыр. “Орысшасы да керек” деген соң, алғашқы 5-6 бетін аударған аудармашының жұмысы көңілімнен шықпай, ары қарай түгел өзім аударып шықтым.
— Өзіңіз жиі аузыңызға алатын досыңыз Асқар Сүлейменов “Ұлтты жақсы көру үшін алдымен оны жек көріп алу керек” деген еді. Қазақтың қай қасиетін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21