жек көресіз, қай қасиетін жақсы көресіз?
— Қазағыңды тұтас жақсы көресің ғой. Ақымағын да жақсы көресің. Бәрі ақылды болып туатын халық жоқ. Герольд Бельгер «Мен жақсы көретін қазақтың бәрі қазір азайып кетті» деп еді, сол секілді мен жақсы көретін мінездердің бәрі қазақтан алыстап бара жатыр. Әдебиетке кейіпкерлікке сұранып тұрған бейнелер жоқ, көбі жасанды. Оқу бітірген, дипломы бар, мәдениетті. Баяғы адамдарды іздеймін. Бетің-жүзің бар демей, сарт еткізіп айта салатын сөздері бар бұрынғы жеңгелерімді іздеймін. Сол мінездер азайып бара жатыр да, көбі қулыққа, өтірікке, жалғандыққа, алдауға, жылпостыққа, жағымпаздыққа бейім болып бара жатыр. Соңғы 15-20 жылда ұлыларды қолдан жасау, жаман шығармаларды мақтату белең алды. Мопассанның 1884 жылы ма жазған «Будущее принадлежит пройдохам» деген пікірі бар еді. Ол байғұстарда сол кезде басталған екен ғой. Сол алаяқтар алға шығып, шын әдебиет көлеңкеде қалып барады.
Қазақтың өнерге деген адалдығын жақсы көремін. Сосын жомарттығы, мәрттігі керемет. Өзгеде кездеспейтін қызық, жақсы мінездері бар. Бауырмалдығы қандай?! «Әпкені» жазуыма себеп болған біз, яғни бауырлары десе ішкен асын жерге қоятын туған әпкем еді. Біз жетім қалғанда күйеуге шығып кетсе де қайтып келіп, үлкен ағамыз үйленгенше үйде жатты. Сонда жездеміз келіп: «Өзіміз де биттеп, құрттап кеттік. Өз бала-шағамызды далаға тастаймыз ба? Қайтайықшы, Бибіхадия-ау», — дегенде, әпкемнің айтқан сөзі: «Қайта бер, баланы жолдан тауып алған жоқпын. Өзің бақ. Маған баладан гөрі бауыр қымбат. Бауырды тауып беретін әке-шеше жоқ. бала табылады, қақсай бермей қайт», — деген еді. Осындай қазір адамдар бар ма? Мен сөйтіп айта аламын ба? Жоқ, бәрі бірте-бірте кетіп бара жатыр. Не деген жүрек! Не деген бауырмалдық! Қазақ әйеліне ғана тән нәрсе. Басқа ұлт олай айта алмайды. Қазақ әйелдеріне ғашықпын деп айта аламын. Ауылда небір қиыншылық көріп, мойымаған әйелдерді көрдім. Мақта шабады немесе тереді, өзі 45-ақ минуттық үзілісте жүгіріп келіп баласын емізеді. Ол кезде балабақша деген атымен жоқ. Ала жаздай істегенде де ақша таппайды. Күзде бір-екі қап бидай береді. Біздің үлкен алып мемлекет ауылдың нәзік әйелдерінің иығында қалыптасты. Осылардың бәрін көтерген қазақтың көнбістігі. Қазақтың тарихын ойлағанда көзіме жас келеді.
— Билік басында жүрген шекпенділердің қайсымен жақсы араласасыз? Олардың арасында достарыңыз бар ма?
— Әрине, бар. Иманғали елші боп кетті. Ең сырласымыз сол еді. Қасымжомарт Тоқаевпен көп араласқан жоқпын. Сырттай өте қатты жақсы көрем. Кеше ғана кітабымды жібердім, өзі сұраған екен. Қазіргі Атырау облысының әкімі әдебиет пен мәдениетке жақсы сияқты, бірақ қол алып амандасқан емеспін. Оңтүстік Қазақстан облысында бір 7-8 ай болып, басқа жаққа министр болып кеткен Атамқұлов деген жігітті де сырттай жақсы көрем. Бір ағам қайтыс болғанда,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21