шаша салуға бола ма? Мұрагер – адамның артында қалған дүние-мүлкіне ие болатын адам. Ал «рухани мұрагері» немесе «Абайдың дәстүрін жалғастырушы» десе әңгіме басқа. Баяғыда Герольд Бельгердің тірі кезінде, кітапханада 80 жылдығы аталып өтті. Сонда бір ақын әйеліміз тұрып: «Бұл – пайғамбар, бұл – құдай» деді. Сонда Бельгердің өзі басын шайқап: «Қазақтар-ай, айтасыңдар-ау, ал айтыңдар», – деді. Тіпті ұялдым. Құдай — мұсылман үшін біреу-ақ. Пайғамбар да солай. Қалғанымыздың бәріміз – пендеміз. Біреуді мақтасақ, «қазақ музыкасының пайғамбары», «қазақ поэзиясының пайғамбары» немесе «сөздің пірі» дейміз. «Сөздің пірі – Сүйінбай» деген де тіркес бар. Бір адам сөздің пірі бола алмайды. Рас, ол Жамбыл үшін пір болуы мүмкін. Солай болды екен деп басқалары да сыйынуы керек пе? Сүйінбайдың өзі де жай адам емес пе? Сол секілді кезінде Олжас та «Адамға табын, Жер енді!» деп ұрандатты. Осы поэма мен бірінші курста оқып жүргенде шықты. Бүкіл акт залы алақайлап жатқанда мен қарсы болдым. Жаңа туған сәби анасына: «Ана, сен маған табын» деп қалай айта алады? Қасиетсіздік қой», – деп едім, мені ала қарғадай қылып, аудиториядан қуып шыққан. Осы сөзден олар енді ғана бас тартты. Жерге «маған табын» деп айтуға болмайтынына көз жетті. Олжастың өзі поэмасының атын өзгертті. Бізде осындай кереғарлықтар бар. Ал Мәскеу сыншылары артық сөзге бармайды. Әсіресе Мәскеуден шығатын «Литературная Россия» газеті менің шығармашылығым туралы өте жақсы мақала басты. Дулат Исабеков туындылары несімен құнды екенін жіліктеп тұрып жазды. Жазушылар, әдебиетшілер сөйледі. Осындай кездесулер көңіліме қонады. Сосын күні кеше ғана Қытай қазақтарына байланысты пресс-конференция өтті. Сонда сөз сөйледім. Қытай қазақтарының жағдайы өте нашар екен. Қысым көрсетіліп жатқан көрінеді. Егер бір отбасы осында көшіп келетін болса, отбасының бір мүшесін алып қалады. Осында келіп алғандарды қайтадан шақырып алған. Бармайын десе, сол жақтағы туыстарына қысым көрсетіп, түрмеге жауып тастап жатыр. Баяғыда «екі жүректілер» дегенді шығарған еді, енді «екібеттілер» дегенді шығарыпты. Түрлі сылтаумен түрмеге тоғытып, төлқұжаттарының барлығын жинап алған көрінеді. Көпшілігі үйлерін сатып, далада қалған. Не істерлерін білмей, біздің Президентке де хат жазыпты. Ең сорақысы, Қытай «олармен қарым-қатынас жасауға болмайды» деп Қазақстанды 26 қауіпті мемлекеттің қатарына қосып қойған. Ал сөйтіп келіп, ЭКСПО-ның ашылу салтанатына келгенде Қытай басшысы Назарбаевпен құшақтасып, сөйлесіп «Өз үйімде жүргендей сезінемін», – дейді. Бұл сөздің ар жағында не тұр? Осыған қазақ мән бере ме, жоқ па? Әлі күнге дейін мән бермейміз. Несие алып, той жасап, баламызды үйлендірсек, соған мәзбіз. Егер алтыннан жаңбыр жауып тұрса, оған қуанбаймын. «Неге жауып тұр?» деп ойланамын. Ертеңіне қайтымы болатынын білемін. Шетелден инвестиция келсе, мәз боламыз. Мен қуанбаймын. Өйткені, оның да қайтымы бар. Тегіннен-тегін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21