үйге келіп, көңіл айтып кетті. Кісілік, адамгершілігі өте жоғары екен. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та көргенді, сабырлы жігіт екен. Бір-екі рет кездескенде соны аңғардым. Мынау Арыстанбегіміз де жүр. Кейде байқамай бірдеңелерді айтып қояды. “Ондай сөздеріңді қойсайшы. Бірден лақ еткізіп айта саласың. Ертең таяқ боп тиеді, ойланып сөйлесеңші”, — деймін. Аңқылдаған жақсы жігіт, қолынан келген жақсылығын аямайды. Киноға байланысты бір нәрселері бар екен, онымен ісім жоқ. Сырттан бір сыйлайтын кісілердің қатарында Бердібек Сапарбаев та бар. Қытайларды өз орнына қойып, қазақтың қорғаны болып жүр. Қазір Түймебаев оңтүстікке келді. Әдебиет пен мәдениетке өте жақын екен. Сонысына іш тартып, сырттай сыйлап жүрмін, бір-екі рет кездестім де.
— Кітап туралы аз әңгіме айтпадық. Енді өзіңіз соңғы оқыған, селт еткізген, әсер еткен кітапты айта аласыз ба?
— Эрих Мария Ремарктың «Время умирать. Время жить» деген романын оқып жатырмын. Осы бір романын бұрын оқымаған екенмін. Менің екі арманым бар еді. Бірі — мен өліп бара жатқанда біреу келіп құлағыма сыбырлап: «Қазақ халқыңыздың саны 30 млн болды» десе, соны естіп өлсем деген. Екіншісі, «Шіркін, Эрих Мария Ремарктың «Тени в раю» деген туындысы сияқты бір роман жазып кетсем» деп армандайтынмын. Қандай суреткер, кейіпкерлері қандай қызық. Міне, осылардан үйрену керек. Теңеулері қандай! Соғыс шындықтары денеңді түршіктіріп жібереді! «На западном фронте без перемен» деген романына қарасаң, соғыс трагедиясын олай берген ешкім жоқ. Мина жарылған, досы екеуі келе жатыр. Қараса, дәл минаның үстінен басқан болу керек, етік жатыр, етіктің ішінде сирақ, қалған дене жоқ. Талға ұшып кеткен-дағы, ішектері салбырап тұр. Сол кезде анау «Ему наверное было не очень весело» дейді. Оны «трагедия» деп айтпайды. Біз болсақ «бейшара-ай, бұл да біреудің баласы еді ғой, қарашы ішегі салбырап тұр» деп кеулеп кетеміз. Шешесіне келіп баласының, өлімін айтатын жерлер қандай шебер жазылған. Жалғыз баласы өлгенде шешесі жылап жатыр. Сонда балаң қиналған жоқ дегенді түсіндіру үшін «пуля попала в его сердце, он тут же умер» дейді. Соғыс қасіреті. Соғыс шындығы. Оқып жатқан романдарым осы сияқты нәрселер. Әлі оқитын кітаптарым көп, уақыт болмайды. Күнделікті газеттерден де қолым тимейді. Газеттерді оқып, жүйкең шаршағаннан ұйқың келмейді. Ал анау романдарды оқысаң, ажырағың келмей қалады. Қазір оқығандарымның бәрін қарап шықсам, адамзаттың ұлы жазушыларының жазғанының 10-15-ақ пайызын оқығанбыз. Қалғандарына әлі қайда… Әлі күнге дейін оқып келе жатырмын. 4-сыныптан Толстойдың «Кавказ тұтқынынан» басталы. Ауылда жүргенде батыстың әдебиетін оқыттырмайтын. Алматыға келсек, бүкіл әлем жатыр екен.
— Жас жазушыларға міндетті түрде оқуға кімдерді кеңес бересіз? Оқулары тиіс деп кімдерді айтар едіңіз?
— Олар көп қой. Жаңағы мен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21