айтқандардың бәрін оқу керек. Мопассанды онсыз да оқиды олар. Әсіресе, көп мән бермейтін Генрих Белль, Макс Фриш, Ирвин Шоу, Бернард Шоу емес, сосын Сартр, Брехт, Эрих Мария Ремарк… Осыларды оқи берсе… Француз әдебиетінде толып жатыр, қайсыбірін айтасың. Латын Америка әдебиеті де күшті, жапон әдебиеті де әлі позициясын берген жоқ. Ең арысы, кешегі Нобель сыйлығына номинант болған Акутагавалардан басталған жазушылар, Кобо Абэ, Кэндзабуро. Жапондар әлемге әрбір 20-30 жылда мықты жазушылар беріп тұрады. Олардың өздерінің де өмірі ерекше ғой, біздерге ұқсамайды. «Человек ящик» деген романына қарасаң, оны түсінуің де қиын. Арқанменен құдықтың түбіне түсіп демалу деген біздің санамызға кірмейді. Біз тұншығып өлеміз ғой, олар демалып шығады. Содан арқаны үзіліп кетіп трагедия жасайды. Орыс әдебиетінде де соңғы жазушылар бар ғой. Фазил Искандер, Нобель сыйлығын ала алмады, кавказ, бірақ орысша жазады, жақында қайтыс болды. «Царь рыбаның» авторы Астафьев, Шукшин, Распутин, Юрий Трифонов, Андрей Битов, Аксенов, тағы бір мықты жазушы «Среди мифов и рифовтың» авторы Конецкий Виктор, Виталий Бианки, Юрий Олеша, әсіресе, Федор Достоевскийдің атына ұқсайтын Федор Михаил Решетников деген бар. Орыстар соны баспай қойды. Баяғыда студент кезімде соның екі томдығын алып қойып едім. «Неге баспайды?» десем, орысқа қарсы жазған шығармалар екен. Чехов – «настольная книга». Орыс тіліне қанығып оқығысы келген жан Бунинді оқу керек. Ондай тіл ешкімде жоқ. Тісі батса, Андрей Платоновты оқып көрсін. Жеңіл оқылатын әңгімелері де бар. Әсіресе, «Джан». Ең қиыны «Котлован» ғой. «Есть такое понятие «искусство медленного чтения» деген. Сондай авторларды тез оқи алмайсың, жай оқу керек.
https://adebiportal.kz/kz/amp/news/view/19005
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21