нәрсе болмайды. Әсіресе, қытайдан қарыз алуымыз – өте қауіпті. Олар ақшаны қайтып алғанды қаламайды, оларға кәсіпорын, жер керек. Қытайдың 51 зауыты көшіп келейін деп жатыр. Осы бейғам қазақтың намысына тие ме, тимей ме? Қалай 8 сағат тыныш ұйықтайды?! Олардың әкелетіні экологиялық жағынан әбден зиянды зауыттар. Ал 51 зауытқа 1000 қытайдан келгенде, 51000 қытай келеді. Олар зауыттарын салып, кете қояды деп ойламаймын. Қыздарымызға үйленеді. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қыздардың да жағдайын түсінемін. Базарда тәшкі сүйреп жүрген қазақ жігіттеріне қалай тұрмысқа шығады? Ауыл қирап қалды. Мыңдаған форум, жүздеген саммиттер өтіп жатады. Содан ауылға пайда бар ма? Күні кеше экономикалық форум өтті. Одан ауылдың керемет боп кеткенін көрген жоқпын. Мен білетін ауылдар сол қалпы. Сол – жұмыссыздық. Жұмыссыз жастар қайда барарын білмей, сеңдей соғысып жүр. Кейбірі ұрлық қылады, түрмеге тоғытылады. Міне, осылардың бәрі жазушының жүрегіне қанжардай қадалады. Айтсаң, айтқанның аузы – жаман, жыласаң, жылағанның көзі – жаман. Айтпайын десең, іш қазандай қайнайды. Айтамыз, кейде жек көрінішті боламыз.
– Дулат аға, жақында Елбасы қазақ зиялыларымен кездесті. Арасында сіз де барсыз. Видеоны көрдік. Көп дүниені Президенттің өзіне тікелей айтуға мүмкіндігіңіз болды ғой. Талай ойды іркіп қалғандай көріндіңіз. Әлде халықты толғандырып жүрген мәселелер сөз болып, монтаждалған кезде қысқарып кетті ме?
– Газет-журналдардан «Исабеков Президенттің алдында түк айтпады ғой» деген пікірді мен де оқыдым. Қарсы жауап та бердім. Айтуын айттық қой, оның бәрі көрсетілмеді… Екі жарым сағатқа созылған әңгімеде не айтылмады дейсің, бәрі айтылды. Мақтанғаным емес, өткір пікірді мен ғана айттым. Бексұлтан өз ауылындағы Орбұлақты, Қастеевті, Жаркенттегі көшелердің аттарын өзгерту сияқты жергілікті мәселелерді ғана көтерді. Смағұл Яссауи, сопылық туралы әңгіме қозғады. Ал мен болсам: «Бұрын өзіңізге айтқан мәселені қайталап айтамын. Елімізге қытай көп келіп жатыр. Бізге Ресейден гөрі Қытай қауіпті. Халқының саны 145 миллионды құрайтын Ресеймен араласып жүргенімізге 300-400 жыл болды. Ал халқы 1,5 млрд Қытай – соғыссыз, күлкімен ғана басып алатын мемлекет. Қазақ өз жерінде отырып мұнайымызға келген қытайдың құлына айналып бара жатыр. Оларға кеңдікті көптеп беріп қойғанбыз. Екіншіден, демография – ушығып тұрған мәселе. Өзбектер 32 млн. болды. Өзбектей болмасақ та, 20 млн-ға жетсек, қазақ тілінің мәселесі өзінен-өзі шешіліп кетер еді. Өзбектер біздің тіл мәселесін көтере беретінімізге таңғалады», – дедім. Содан кейін, латын тілі туралы көбірек айтылды. Өту керек пе, жоқ па? «Сіздің идеяңызды қостайық, бірақ оның арғы жағында не тұр? 100 жыл ішінде орыс алфавитімен талай тарихымыз жазылып қалды. Оның бәрін кім көшіріп береді? Бұл да қиын мәселе. Содан соң, ауылға деп жыл сайын бірнеше млрд ақша бөлінеді. Менің ауылым сол
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21