күйінше, Нұреке. Жылына екі-үш рет барамын, ешқандай өзгеріс жоқ. Қырғызда ешнәрсе жоқ дейміз, бірақ тіршілігіміз бірдей. Неге бензин Қырғызстанда Қазақстанға қарағанда арзан? Олар астық өндірмейді, бірақ наны біздікінен арзан. Бішкегінде де бір баға, Қарабалта деген шалғай өңірінде де бір баға. Нарық, жеке меншік дейміз, арасы 150 метрлік екі заправкада екі түрлі баға. Мұның бәрі қандай жүгенсіздік? Сіз базарды аралағанда бәрін арзан етіп қояды, сіз кеткен соң баяғы қымбат бағаға өзгертеді. Сізге жалған ақпарат беретін штаттағылардан өзге тұрақты қоғамдық комиссия құру керек. Орташа жалақы дегенді қайдан шығарып алдық? Егер орташа жалақыға сенер болсақ, әр адамның жалақысы 250-300 мың болар еді. Менің айлығым – 110 мың. Келінім – ғылым кандидаты, 90 мың алады. Ал ортақ жалақыны банкирлер мен депутаттардың, Самұрық қазынада істейтіндердің айлығынан шығарады. Бұл нағыз өтіріктің өзі ғой! Неге өз елімізде емделмей шетелде емделеміз? Қазақстан үлгілі мемлекет дейміз, осы жағынан неге үлгі алмаймыз? Неге жеңіл өнеркәсіпті дамытпаймыз? Неге өндіріс орындарының бәрі шетелдіктердің қолында? Бұрын Кеңес үкіметі кезінде шетелден көшіп келген қазақтар мал бағатын. Қазір ондай мал жоқ. «Дипломмен ауылға» деген ұран құлағыма кірмейді. Ал мысалы, мен бітірдім. Дипломмен ауылға барамын, ол жерде не істеймін? Менің ауылымда 8000 адам тұрады. Аудан орталығымен бірдей. Жұрттың барлығы жекеменшік фермерлік шаруашылықпен айналысып жатыр. Сырттан барған адамға айлық керек, жағдай керек. Оны алып не істейді? Ауылдағы мұғалімдердің өзі мектепке әрең орналасады. Ашығын айтайын, өзім бір адамды орналастыру үшін, абыройымды салдым. Менен ұялғанынан әрең алды. Бірақ маған айтпа деп, орналастырған адамымнан 400 мың теңге алыпты. Міне, осындайлардың бәрі ұлтымызды бұзады», – дедім.
– Бұл айтқандарыңызға Президент қалай жауап берді?
– Бәріне дұрыс жауап береді ғой. «Қытайлықтардан қорқуға болмайды, олардың әрбір адамы менің блокнотымда жазылған. Жұмыстарын бітіреді де, кете береді», – деді. Сосын мен: «Нұреке, қазақтың бәрі бастық болғысы келеді. Бір үйдегі бес баланың бесеуі де академияға түседі, университеттерге оқуға тапсырады. Соңында бәрі жұмыссыз жүреді, сауда жасайды. Сондықтан Кеңес Үкіметі кезіндегідей түрлі мамандық алып шығатын училище, колледждерді көбейтуіміз керек. Монтер, электрик секілді мамандықтар беретін айлық, жылдық курстар ашу керек. Жұмысшы табы қалыптаспай, мемлекет болмаймыз. Қазір теледидарың бұзылып, маман шақырсаң, орыс келеді. Тоңазытқыш жөндеуге де орыс кеп тұрады. Осының бәрін қазақ үйренетін кез келді. Содан соң сырттан келген қазақтарды орналастыру мәселесін қолға алу керек. Бұрын жақсы еді, қазір бұл мәселе тоқтап қалды. Көптеген қазақ осында жүріп-жүріп, мал қора таба алмай, квотасын ала алмай, жинап әкелген ақшасының бәрін жеп қойып, Моңғолияға қайтып кетіп жатыр. Қайта Монғолияға рахмет, оларға азаматтығын қайта берді. Ал азаматтығын бермесе қайтеді? Міне, осының
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21