бәрі шешімін табуы тиіс мәселе. Шетелдегі қазақтарымызды оңтүстікке қоныстандыра бермей, 2 млн егістік жері бар Павлодар секілді аймақтарға орналастыру қажет. Оларды жан-жаққа шашып-шашып тастамай бірге қоныстандырған жөн. Солай үйренісіп, кірігуі керек. Әйтпесе, жергілікті қазақтар арасына барса, Қытайдан келгенді «қытай» деп, Моңғолиядан келген қазақты «моңғол» деп естерін шығарады, мазақтайды. Баяғыда Ираннан көшіп келген қазақтартың түркістандықтармен араласып кеткені есімде. Өздері орысша білмейтін, онымен қоймай біздің қазақтың көрсетпегені жоқ, кілемдерін ұрлап, базарға барса сабап, заттарын тартып алып жүрді. Әйтеуір, қиындыққа көніп, қазақтың бір елі болып кетті ғой. Кеңес Үкіметінің кезінде, 1962 жылы, мына Қабдеш Жұмаділов бір айда 200 мың қазақты бастап өтті. СССР-дың КГБ-сы қандай қатал? Сондай қаталдыққа қарамастан, оларға сенім артты, қолдарына жұмыс берді. Ал біз басымызда егемендігіміз бола тұра, оларға жансыз деп қарайтын сияқтымыз. Қазір азаматтық алу үшін 4 жыл бойы жұмыс істеуі керек екен. Төрт жыл қалай күн көреді? Бір ғана квотамен берілген бір 50-60 мың теңге неге жетеді? Сіз 17 млн қазаққа ғана емес, сыртта жүрген 11 млн қазаққа да Президентсіз. Солардың бәрін бауырға басу керек, ішке тарту керек. Бізде ұлттық кадрлар неге жоқ? Анау Илья Ильинді айтамыз, оған мен қуанбаймын. Өйткені, ол менің қаным емес. Мен қазақтан шыққан Дәулет Тұрлыхановқа, Бекзат Саттархановқа қуанам. Сіз оған ренжімеңіз. Мен солай жаралғанмын. Сіз де ішіңізден сөйтіп ойлайтын шығарсыз», – деп ойымдағының бәрін айттым. Елбасының өзі де «Сыртта күңкілдегеннен гөрі осында ойларыңды ашық айтыңдар, үшеуіңді сол үшін шақырттым», – деп басынан ескерткен еді.
– Оны да сұрадық. «Ертең өзге жазушылар өкпелейді. «Неге бөліп алды?» деп бір ұшы сізге де тиеді. Неліктен үшеумізді таңдадыңыз?» – дедік. Президент: «Үшеуіңді бекер шақырып отырған жоқпын, пікірлерің бар адамсыңдар. Бексұлтан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сәйкес Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Содан кейін шақырдым. Cмағұлдың романы Америкада ағылшын тілінде жарық көрді. Сол үшін шақырдым. Ал сен болсаң, Англияға жол ашып жатырсың. Қазақ пьесасы тұңғыш рет ағылшын сахнасында қойылды. Мақалаларыңды, сөздеріңді тыңдап тұрамын. Осыдан кейін шақырып отырмын», – деп жауап берді.
– Әдебиетке қатысты қандай да бір мәселелер көтерілді ме? Әдебиет төңірегінде қандай пікірлер айтылды?
– Оған бұрыла алмадық. Тұрар Рысқұловтың «оқу-ағартуды кейін айтармыз, әзірге қазаққа нан керек дегеніндей» әдебиетті бір нәрсе қылармыз дестік. Ұлттың мүддесін ғана әңгіме еттік. Ойымды айтып-айтып келіп, арасында әзіл де қоса кеттім. «Сізбен сөйлескенде Президент екеніңізді ұмытып кетемін», – десем, «Қайда есіңе түседі?» – дейді. «Үйге барып, теледидар қосқанда есіме түседі», – деп еді, шек-сілесі қата күлді. Жұрттар бара салып жағадан алу керек деп ойлайды. Жоқ, бір елдің патшасына олай айтуға
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21