болмайды. Пікіріңді сипалап, мақтамен бауыздағандай қылып жеткізу керек. Соның өзі оңай тимегені анық. Бірде қызарып, бірде бозарып отырып тыңдады. Әйтсе де, пікіріміздің бәрін қолдады. Рухани жаңғыруын қолдайтынымызды білдірдік. Баяғыдан күткенімізді айттық. Үш тілдікті қолдамаймыз дестік. Бастауыш таза қазақша оқылуы керек, ары қарай 40 тіл біле ме, 70 тіл біле ме, баланың өзі білсін. Ұлттық тілде түс көрмеген адамнан жазушы шықпайды. Англияда менен «Сіз қай тілде жазасыз?» деп сұрады. «Қай тілде түс көрсем, сол тілде жазамын. Ал түсті әзірше қазақ тілінде көремін», – деп жауап бердім. Ағылшындар ондай сөзге керемет мән береді ғой. «Қызық екен» деп жазып алып жатты.
– Аға, қазір қазақ әдебиетінің де жай-күйі ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде емес қой. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте тоқырау бар секілді. Үлкен романдар жазылмады. Бұған не себеп деп ойлайсыз?
– Өйткені өмірдің қыруар проблемалары алдыңды орайды да тұрады. Ұйқыңды қашырады. «Ертең менің немеремнің болашағы қандай болады?» деген ой маза бермейді. Егемендік алғанда осыны күттік пе? Шын тәуелсізбіз бе? Әлде Ресейдің бодауынан шыға алмай жатырмыз ба? Енді келіп бүйірімізден Қытай, ана жақтан Америка мойнын созып тұр. 11 млн қазақтың жағдайы не болады? Ертең кітабымды кім оқиды? Не үшін жазам? Кім үшін жазам және кімді жазам? Белсенді кейіпкер кім? Типтік бейне деген не? Осындай көп сұрақ. Үлкен романға бару үшін типтік бейне керек. Маған кім типтік бейне бола алады? Банкир бола ма? Жоқ, ол бола алмайды. Әлде, партияның мүшесі бола ма? Олардың бәрі жасанды партиялар, қуыршақ партиялар. Мемлекет қызметкері ме? Олар бүгін бар, ертең жоқ. Көбісі алдаумен өмір сүріп келеді. Әлде, депутат па? Депутатқа өзімді ұсынып көргенмін, сосын күдерімді үзгенмін. 83 пайыз дауыс жинап, өтпедім. Содан кейін демократия дегендеріне сенбейтін болдым. 83 пайыз алғанымды дәлелдей алмадым. Конституциялық сотқа барған едік, олар «өзіңіз ұйымдастырып қойғансыз» деп өзімнің үстіме бәле жаба бастады. Оны ұйымдастырып қоятын шенеунік емеспін ғой. Жәй ғана жазушы қалай ұйымдастырады? Осылардың бәрі шаншудай қадалады. Бәріне немқұрайлы қарайтын жазушыларды түсінбеймін. Еліміздегі түрлі проблемаларды ойлап, мақала жазғың келеді. Өйткені қазір журналистика әдебиеттің алдын орап кетті. Кеңес кезінде оқушылар шындықты көркем әдебиеттен табатын. Біздің ащы шындықтарымыз жағымсыз кейіпкердің аузымен айтылатын. Ол уақытта көркем әдебиетті жұрт көп оқыды. Ал газеттер керісінше, партия ұйымдарын, үлкен басшыларды сынай алмайтын. Ал қазіргі газеттер еркін. Бәріне ерік берілігенде жұрт не істерін білмей тапырақтап қалды. Былай қарасаң, бір цензура керек екен. Бірақ цензура болғанда да, саяси цензура емес, адамның ішкі цензурасы, моральдық цензура. Қазір теледидардан бәрін көрсететін болды. Шешесіне үйленіп жатқан американдық… Баласын туып, сатып жатқан әйел… Бала үшін жанын беретін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21