сыншы – адамның өзі”, – дегенді жиі айтамын. Бір жолы солай дегенімде Рымғали Нұрғали ағамыз: «Дулат, біз сені мақтап жатсақ, біздің мақтағанымыз саған ұнамайды екен ғой» деп ренжіген. Шыңғыс Айтматов өзін мақтаған мақалаларды оқымайды да екен. Құданың құдіреті, мен де сөйтем. Анаугүні бір адам бір мақала жазыпты. Әлі оқыған жоқпын. Басқы екі жолын оқыдым да, қойдым. Мәскеудің жазушылары сияқты талдау жоқ.
Біздің жазушыларға білім керек. Көптеген жазушыларымыз кітап оқымайды, оқыса да оқығанын түймейді, олардікі сырттай ғана еліктеу. Әлем әдебиетінде не болып жатыр? Оларда қандай жазушылар бар? Бір сәт мән беру керек қой. Таңдап, талғап оқып, әлем жазушыларының алдыңда жатқан мыңдаған стилдерінен үйрену керек. Соның ішінде саған қайсысы қолайлы, қазағыңа қайсысы пайдалы, қарау керек. Әлемге қазақтың көзімен қарап үйренуің керек. Өзіңнің әдебиетіңді беске білу, басқалардың әдебиетін де жақсы меңгере алуың қажет. Олардың прогрессивтік жолдары қандай? Несімен белгілі болды? Несімен Кафка немесе Сартр болды? Міне, қазақ жазушылары осылардың барлығын көкейге түйіп, өз шығармаларында пайдалана білу керек. Әлемде өтіп жатқан оқиғаларға тек қазақтың көзімен және надан қазақтың емес, оқыған, білімді қазақтың көзімен қарау керек. Солай жазған шығармаң ғана басқаларға қызық болады. Махаббатты итальянша немесе французша жазатын болсаң, олар саған пысқырып та қарамайды. Мысалы, менің «Транзитный пассажир» спектаклімді ағылшындар үлкен қызығушылықпен көрді. Өйткені, кейіпкердің екеуі де қазақ. Екеуінің де қазақы мінезі, болмысы бар. Ақыл-ойлары мен бір-біріне деген сезімдері ортақ. Адамды жақсы көру, жек көруі ортақ. Бірақ формасы басқа.
Мысалы, Айтматовтың формасын алайық. Оның соңғы романдары онша оқылмайды, ағылшындар мен немістер әлі күнге шейін «Жәмиләні» жақсы көреді. Өйткені, онда ұлттық сезім бар. Сонысымен қызық. Сенің өз шапаның мен тақияң болмаса, французша киінгенің оларға неге керек? Бұл да сол сияқты нәрсе ғой.
– Аға, жазушылықтың қандай да бір қалыбы бар ма? Мұның бәрін жас жазушы қайдан үйренуі керек?
– Жазушылық шеберлік деген – оқуы жоқ нәрсе. Мимен жұмыс істеу керек, болды. Жазып отырғанда «Бұл Америкаға керек пе? Лондонға қажет пе?» деп ойламасың анық. Туынды өзіңнің ішкі талғамыңмен туған перзентің ғой. Түйетауық түйетауықтың жұмыртқасын туады, жай тауық жай тауықтың жұмыртқасын туады. Сол сияқты, әркім өзінің ішкі дүниесінде қайнаған, піскен нәрсесін дүниеге әкеледі. Бұған интеллектісі, табиғаты, алған тәрбиесі, болмысы, өмір сүрген ортасы, қоғамы, әлемге көзқарасы қосылады. Сосын юмор қажет. Юморсыз әдебиет әдебиет емес. Бізде бәрін бір бояумен бояп шығу басым. Трагедияны алсақ, бастан-аяқ трагедия қыламыз. Адам баласы олай өмір сүрмейді ғой. Бірде күледі, бірде ренжиді, бірде ашуланады, бірде қуанады. Осылардың бәрін жазып отырған туындыңа тізе білуің керек. Англияда бірінші қатарда ақ
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21