костюм киген бір адам отырған еді. Сөйтсем ол лордтар палатасының жауапты хатшысының орынбасары екен. Сол екі сұрақ қойды. Бірі жоғарыда айтқан «Қай тілде жазасыз?», екіншісі – «Сіздің жазушылық тәжірибеңіз қалай? Қойын кітапшасын ұстайсыз ба?» деген сұрақ. Біріншісіне жауапты жоғарыда айттым. Екіншісіне, «ұстамаймын» дедім. «Неге ұстамайсыз, сонда қалай жазасыз?» – дейді. Өйткені, публицистика мен журналистика – көркем әдебиеттің жауы. Кейбір жазушыларды «шебер публицист» деп мақтаймыз. Бұл – оны жоққа шығару деген сөз. Публицистика бір басқа, көркем әдебиет бір басқа, бірі – аспан, екіншісі – жер. Ал блокнот мені журналистиканың рамкасына қамап тастайды. Кейіннен сол фактіні алып, оқиға жазайын десем, анау фактіден шыға алмай қаламын. Сондықтан өмірдегі оқиға, детальдарды ойымда сақтаймын», – деп жауап бердім. «Бұл мүмкін емес қой» дейді. Иә, олай да болуы мүмкін, ұмытып қаласың. Демек, ол – ұмытылатын деталь. Ұмытылмайтын деталь менің есімде мәңгі қалады. Мен өзімнің жадыма сенемін. Адамның миының мүмкіндігі көп. Адамның бассүйегі кез-келген ескі затты лақтыра беретін тозған үйдің шатыры емес. Кейде сондай ескі заттармен өз басымызды өзіміз аямаймыз. Кез-келген нәрсені есімізге сақтауға тырысып, соны басымызға лақтыра береміз де, жақсы ойға, күшті идеяға орын қалмай қалады. Ал мен басымды соған сақтаймын», – дегенімде, ағылшындардың қалай қол соққанын көрсең. Мәскеуліктерге де осыны айттым. Содан кейін Пряхин сөз сөйлеп: «Дулаттың сөзі маған қатты ұнады, мен де осындай бір пікірді айтамын ба деп жүргенде аяғымды тартушы едім. Енді батыл айтатын болдым. Жазушыларды публицист деп мақтағанға мен де қарсымын. Өйткені публицистика әдебиеттің түбіне жетеді», – деді.
Содан кейін біз шығарманы ішкі дайындықсыз жазамыз. Баяғы Бартольд Брехт айтқан: «Алдымен өзіңнен сұра, бұны не үшін жазамын және кім үшін жазамын? Қай шындықты жазамын? Қай қоғамның өмірін жазамын? Цензураны қалай алдай аламын?» деген бес талапқа жауап бере отырып жазу керек. Цензураны алдай білу де жазушының құдіреті.
Қазір әдебиетіміздің алтын ғасыры өтіп кетті деп жүрміз ғой. Алтын ғасыр немен бағалы еді? Ол кездегі әдебиет пен халық егіз болатын. Расул Ғамзатов Путинге: «Комунистер мемлекеттен шіркеуді бөліп тастап еді. Енді демократтар, сендер келіп, әдебиетті мемлекеттен бөліп тастадыңдар» депті. Біз де сол, әдебиетті мемлекеттен бөліп тастадық. Неге олай екенін білмеймін. Әлде, адамдарды мұқтаждықта ұстау деген нәрсе керек пе екен? Аш адам жалтақ болады ғой. Ауылдағы аты қойылмаған иттер қаптап жүргенде шақырсаң жетіп келеді ғой, сол сияқты саясат па екен? Білмеймін. Швецария халықтың тұрмыстық деңгейі жағынан әлемде бірінші орында бола тұра, швейцар классигі Макс Фриштің: «Бізді қоғам аш ұстағысы келеді. Өйткені, аш адам әрқашан жалтақ, тыңдағыш, дәметкіш болады. Біз оған бағынбауды үйренуіміз керек», –
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21