Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

қойылып, шетелдік көрермендердің жақсы бағасын алды. Меніңше, біз (қазақтар) әдеби кеңістікті, өрісті романмен ғана өлшейтін сияқтымыз. Ал мен жазған пьесаларымның санымен мақтанып отырғам жоқ. Біреу 100 пьеса жазуы мүмкін, бірақ бірде-біреуі сахналанбауы әбден ықтимал. Менің драматургиядағы ұстазым Қалтай Мұхамеджанов өмірінде алты пьеса ғана жазды, проза жазған жоқ. Ал Чеховтың әңгімелерінен басқа тағы 5-6 пьесасы бар. Прозадан драматургияға көшіп кеткенімнің себебі де осы болды. Бірақ драматургияға осы саладағы кеңістікті толтырып тастайын деген патриоттық сезіммен барған жоқпын. Соңғы кездері маған прозадан гөрі драматургия жанры өте оңтайлы болды. Қазір «Қарғынды» біреу оқып жатыр ма, жоқ па, оны білмеймін. Ал драматургияда маған қызық болғаны, айтар ойымды толық айтамын да, оның нәтижесін бірден көремін. Сонымен қоса, театрмен жұмыс істеу – тіпті қызық. Кейіпкерлеріңнің бәрін тірідей сахнадан көру, айтқан ойларыңды естіп, жұрттың арасында отыру сияқты жағдайлардың беретін әсері басқаша. Ал прозаға келсек, «Қарғыннан» кейін «Ай Петри ақиқаты» деген кітабым шықты ғой. Сол кітаппен Мемлекеттік сыйлық алдым. Оқырмандардың ойлағанын мен ойламай жүрген жоқпын. «Қаншама пьеса жазсам да, бір әңгіме жазбадым-ау» деген ой жүрегіме шаншудай қадалады. Неге мен роман жазбай жатырмын? Себебі, қазір заман басқа. Қазіргі кезде «Қарғынның» стилімен роман жазуға болмайды. «Гауһартастың» заманы өтті. Әр жазушы әр шығармасын жазғанда бұрынғы стилін қайталамауға тырысуы керек. Роман боларлықтай бірнеше оқиғалар санамда тұр, бірақ соған басты кейіпкер таба алмай жүрмін.

– Бәлкім, кейіпкерді осы заманның адамдарының арасынан іздеу керек шығар?

– Дұрыс айтасың. Осы заманның адамы болғаны жөн. Басқалардың жазған кітаптарын оқимын, бәрі де бұрынғы стильмен жазады. Қазіргі жанрдың ішінде мистика, комедия, трагедия, сарказм мен типтік характер де болуы керек. Басқалар типтік характер тауып жатқан шығар, ал мен әлі іздеп жүрмін. Мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында драматургиядан сабақ беремін. Шәкірттеріме үнемі «мен түсінбейтін бірдеңе жазып келіңдерші, сендердің жазып әкелгендеріңнің барлығы біздің заманның стилі, сендердің замандарың, көзқарастарың, махабаттарың, оқитындарың, көретіндерің, сезінетіндерің басқаша ғой, соны неге жазып әкелмейсіңдер?» – деп талап қойып отыратыным бар. Өкініштісі, әлі ешкім мен түсінбейтіндей ештеңе жазып әкеле алмады.

Шахановтан сатып алған саяжайымды қандасыма тегін сыйладым

– Шетел жазушыларының әрқайсысында бір-бірден әдеби редактор болған, осы үрдіс бізде неге жоқ?

– Ондай редактордың бізде болуы қиын. Себебі, ондай адам әлем әдебиеті мен өз әдебиетін, сондай-ақ жалпы әдеби үрдісті жақсы білетін адам болуы керек. Шетел жазушылары нені жазып жатыр, олардың оқырманы қандай жанрға қызығады, біздің оқырмандар ше? Осының бәрін таразылап, салмақтай алатын адам болуы керек. Мұндай жағдай біздің әдебиетіміздің тарихында болып көрген жоқ. Мысалы, Ә.Нұрпейісов – тарихта бірінші рет редакторсыз

Pages: 1 2 3 4 5 6 7