Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

роман шығарған жазушы. Өйткені Әбекең бірде-бір редакторды мойындамады, ол үшін ол кісінің стиліне терең бойлай алатын адам керек еді. Біздің айтып жүрген редакторларымыз – тек кітаптағы қатені қарайтын, түсінбеген сөздерді автордан сұрайтын адам ғана. Ал сен сұрап отырған әдеби редактордың жөні басқа, ондай адамдар бізге керек еді, амал қанша?

– Бір сөзіңізде: «Қазір бізде бұрынғыдай шығармашылық атмосфера жоқ», – деп едіңіз…

– Ол рас. Себебі, біз капитализмді қабылдай алмасақ та, ол кезеңге өттік. Социализмді қабылдай алмасақ та, секіріп феодализмнен де өттік. Соның бәрі біздің қанымыздан, ана сүтімізден келген жоқ. Ресейде бәрі рет-ретімен келді де, адамдардың бәрі сол үдерістерге дайын болды. Біздікі керісінше. «Бонапарттың үйленуі» деген әңгімемде «екі атты есік алдында жүн түтіп отырған кемпірден есендік сұрасқаннан соң, «ал, апа, енді сіз Совет азаматы болдыңыз», – деп кетіп қалады, әлгі кемпір феодализмде түткен жүнін социализмде де түтіп отыра берді», – дейтін жері бар еді. Міне, жаңа формация осылай келді бізге.

Дәл осы кезде жазушының кішкентай шөбереқызы «аталап» жүгіріп келіп, атасын иіскеді. Атасы шөбересін алдына алып отырып, сұхбатты ары қарай жалғай берді.

Қарсақбаев өз фильмінде ешкімге ақыл айтқан жоқ

 – Шеттен көшіп келген қандасыңызға бір үйіңізді тегін беріпсіз, ол қалай болды?

– Үй болғанда, еңселі дача-саяжай ғой. Оны мен Мұхтар Шахановтан сатып алғанмын. Сонда өзіміз бірнеше жыл отырып, осында көшіп келдік. Бос тұрды. Бір күні біздің үйге екі әйел келді де, «үйіңізді әрең таптық, сіздің дачаңыздың қасында пәтер жалдап тұрамыз. Монғолиядан көшіп келгенбіз, жеті баламыз бар, қолымызда үлкен-кісілер бар, сіздің үйді сатып алсақ деп едік», – деп мені сол жаққа бастап барды. Әлгі екі әйелдің бірінің күйеуі Сарыөзекте жол құрылысында жұмыс істейді екен. «Күйеуің айына қанша жалақы алады?», – деп сұрап едім, «500 доллар», – деді. «Мына үйімді қаншаға аламақсыңдар?», – дегенімде, «айына 500 доллардан беріп тұрайық, бізге беріңіз» деп жауап қатты. Балалары қуанып, біз осы үйді алатын болдық, қандай бақыттымыз!», – десіп үйді айналып, бірін-бірі қуалап жүгіре жөнелгені. Әлгі сәтті көріп, жетім өскен менің көзімнен жас төгіліп кетті. «Япыр-ай, егер ана балалардың бақыты осы үй болса, онда неге тегін бере салмаймын» деп ойлап, «ендеше мына баламның қолына 500 доллар салыңыз, ырымы болсын, осы 7 балаға қосқаным болсын, осылар аман болса, бір жөні болар, сосын үйді тегін алыңыздар»,– дедім. Олар сенбей тұрып қалды. Кейін бір айдан кейін әлгі бауырларым тағы 500 долларын алып үйге келіпті. Ол кез тамыздың аяғы еді. «Биыл балаларың мектепке барады екен, бұл ақшаға осыларға киім алып беріңдер», – деп қайтардым. Осы күнге дейін жеті баланың үйді айнала жүгіргені көз алдымда. Оларды қуантқан сәтімді ойласам, өзіме іштей разы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7