Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

боламын. Содан кейін екі отбасы жақын араласып кеттік.

– Оралхан Бөкеев бір сөзінде «менде қазір дос жоқ», – депті. Қазір сізде дос бар ма?

– «Жоқ» деп айта алмаймын, екі-үшеуі бар. Олар – Бексұлтан Нұржекеев, Төлен Әбдік. Оралхан мен Асқардың досы жоқ болуы – олардың өз мінезінен деуге болады. «Досым жоқ» деп айту – барлық жазушыға тән нәрсе сияқты. Сол үшін де Мұқағали «Қазақтың жігітінен дос таба алмай…» деп Фаризаға мұңын шақты. Біздің кезімізде, әртүрлі саяси, қоғамдық, әдеби көзқарастары тоғысып, пікірлері бір жерден шыққанда ғана адамдар дос бола алатын. Ал әрқайсысы алуан түрлі ойлайтын болса, онда олар тек жолдас бола алады. Жолдас көп, дос аз, өйткені пікірлес болу керек, дос болу үшін таланттары деңгейлес болуы керек, халтураны, менмендікті жат көріп, әрбірінің қоғамдық көзқарасы дұрыс болуы керек. Кейде елде болып жатқан оқиғаларды естіп, ішіңдегіні біреуге айтып, сырласқың келеді. Сондай сәттерде бұрын Әшірбек Сығайды іздейтінмін, ал қазір тек Бексұлтанмен ғана сырласа аламын. Әнеу күні ауруханада Бексұлтанның әйелін кездестіріп қалдым, сосын шалын сұрадым. «Үйде жүрегі ауырып жатыр», – деді. «Не болды оған?» десем, «Кеше телевизордан Олжастың «Алматыны Алма-Ата деп өзгертейік» деген сөзін естіп жүрегі ауырып қалды», – дейді. Көрдің бе, менің достарымды?

– Қазіргі біздің қоғам бала тәрбиесіне үстірт қарайтын күйге жеткен сияқты, алдымен әке, одан соң ата ретінде қазіргі ұрпақ тынысы туралы ойланасыз ба?

– Біздің елдің бүгінгі ең маңызды мәсе­лесі мемлекеттік тіл болып тұр. Менің заман­дастарым да, достарым да осы мәселеге бас қатырумен келеді. Мектеп те, оқулық та, министрлік те жетісіп тұрған жоқ. Балалар не оқитынын, қалай оқитынын білмей қалды. Ахмет, Халелдердің уағында баланы тәрбиелеуші – мектеп еді, қазір бәрі көк жәшікке телміретін болып алды. Ал сол теледидардың өзі балаларға дұрыс тәрбие бере алмай жатыр. Алғашында «Балапан» телеарнасы ашылғанда қуанып едік, ол арна қазір кілең данышпан тәрбиелеумен айналысуда. «Данышпан қарға», «Данышпан тасбақа», «Данышпан торғай» дей ме, әйтеуір тек «данышпандар» туралы көрсетіп, қала берді, архитектура, қала салу жайлы айтады. Құдай-ау, бәрі ақылды, сонда біз баланы данышпан қылып тәрбиелейміз бе? Сол үшін балалар қазақша арналарды көрмейді. Себебі, Ресей телеарналарында балаларға түсінікті тілмен, тек балаға қажетті дүниелерді беріп қызықтырады, балаға керегі – сол. Ең маңыздысы, балаға ақыл айтпайды. Біздегі балалар өлеңінің өзі «атамды тыңдаймын, апамды тыңдаймын» деген сияқты мәнде ақыл айтумен ғана шектеледі. Балаға сол қажет пе? «Менің атым Қожа» фильмі неге мәңгілік туынды болып қалды десек, Қарсақбаевтың мықтылығы сол, ол туындыда ешкімге ақыл айтқызған жоқ, балалардың өз өмірін көрсетті. Осының өзі – тәрбие. Ал біз

Pages: 1 2 3 4 5 6 7