Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

тәрбиені уағыз арқылы берудеміз. Қорыта айтқанда, телеарна түзелмей, тәрбие түзелмейді.

– Кейінгі жас жазушылардың шығармаларын оқып тұрасыз ба? Аягүл Мантайды маңдайынан сүйіп тұрған суретіңіз әлеуметтік желіден көргендердің көңілін толқытты…

– Аягүлдің шығармаларын осы күнге дейін қалт жібермей оқып келемін. Қыздар­дың ішінде батылдау пікір айтатыны – осы қыз. Лира Қоныс деген қызымыз бар еді, шетелге кетіп қалды. Мейіржан Жылқыбай деген жазушы жігіт бар, кітабы жақында кәріс тілінде жарық көріп, тұсаукесері өтті. Олардың маған ұнағаны – шығармаларындағы тілі. Мейіржанның шығармаларын оқып, «мынадай тілді қайдан сіңіріп жүрсің», – деп өзінен сұрадым. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде жазған шығармасының өзі мені бейжай қалдырмады. Үй жануарларының өмірін суреттеген бір шығармасы бар, өте сәтті шыққан. Күшіктің, тауықтың мінезін, әтештің даңғойлығын қаз-қалпында жеткізген. Ақын жігіттердің де өлеңдерін оқып тұрамын, бір қынжылатыным – олардың жазғаны бір-біріне ұқсап кетеді. Жастар поэзиясында жалған толғақ, жалған мұң басымдау сияқты. Шығармашылық ізденістен гөрі олар өздерін көрсетуге ұрынып бара жатқандай.

– Қазақ әдебиетінде «Жүз жылдық жалғыздықтың» деңгейіндегі шығарма жазылды ма, егер жазылмаса, қашан жазылады?

– Ойбай-ау, қиын сұрақ екен. Бізде тақырып басқа. Ондай шығарма жазылған күнде, біздің оқырмандар дәл сондай деңгейде бағалай алмас еді. Егер бағалау керек болса, ондай шығармаларды атап бере аламын. Бексұлтанның «Әй, дүние-ай» романының «Жүз жылдық жалғыздықтан» несі кем? Бір адамның бір ғасырлық өмірі, тағдыры. Ал Төленнің «Тұғыр мен ғұмыры», «Парасат майданы» – сен айтып отырған шығарманың деңгейінде жазылған шығармалар. Бірақ үлкен роман деңгейінде айтар болсақ, ондай шығарма әлі туған жоқ деуге болады. Мұхтар Мағауин жазады ғой деп күтіп едім, «Жармағын» оқып ем, мен ойлағандай болмай шықты.

 Мағауинге хат жазғым келеді

– Сіздердің буын көп қыдырған, көп оқыған, көп жазған буын болды. Егер, енді қолға қалам алсаңыз, қандай стильдегі роман жазар едіңіз?

– Ремарк романдарының стилімен бір жаңа роман жазып шықсам деген арманым бар. Баяғыда Америкада «кісі өлтіруге қатысы бар» деп бір қазақ қызын соттап жіберді. Соны іздеп барып, сөйлесіп қайтсам ба деп те жүрмін. Кейіпкерім Америка түрмесіндегі қазақтың сол қарагөз қызы болары даусыз. Бұл шығармамның жобасын да жасап қойғанмын. Драматур­гия­мен айналысқалы бері Нобель сый­лығын алғандардың барлығының шығар­маларын оқып шықтым, оқыған соң «Осылардың бізден несі артық? Анау Артур Миллердің, Прусттың бізден несі ерекше?» деген ойға қаласың. Мүмкін ұлы шығармалар қарапайым болып көрінетін шығар. Бізде жазудың негізгі мектебі қалыптаспады. Жазба әдебиетіміздің жүз жылдығын енді ғана тойлап отырмыз. Ал басқа елдердің жазба әдебиетінің тарихы бірнеше ғасырға бойлайды. Біздің жазушылардың өздері әлі күнге дейін авторды зерттеп оқымайды. Жалпы, оқырманды театрмен,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7