Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

әдебиетпен тәрбиелеп отыру керек. Біз соған үлгермей қалдық. Өйткені саяси формация қарқынды түрде өзгеріп жатады да, әр кезеңде алдымызда басқаша мақсат тұрады. Сол үшін де оқырмандарымыздың өзі әртүрлі санаттағы адамдар. Бүгін айтысқа барып отырған адам ертең түсініксіз қойылымдарда отырады. Театрға адам не үшін барады? Үш нәрсеге бола барады. Авторға, режиссерге, сосын актерге. Бізде көрермендерді тәрбиелейтін қойылымдар әлі күнге дейін жоқ. Әр кезде әр автордың спектаклін қояды да, жүйе бұзылады. Қазіргі Әуезов театрындағы спектакльдердің көбін, егер Мәмбетов болса, қоймас еді. Міне, кеше ғана «Аттиланы» көрдім. Біз деректерден оқыған Аттила қайда? Мына спектакльдегі Аттила қайда? Жер мен көктей. Мен де Аттила туралы пьеса жазамын деп ойлағам, бірақ кілтін таппадым. Ал басқалар кілтін таппаса да, жаза беретін болыпты. Кешегі қойылымнан Аттиланы көп іздедім, дүниені дүр сілкіндірген, Римді жаулап алуға аз-ақ қалған, империя құрған Аттила қайда? Оның бірі жоқ. Драматург болудың қиындығы соншалық, сен «Анна Каренина» мен «Абай» романын компьютерлік бетпен 35 бетке сыйғызуың керек, айтарыңды, бүкіл оқиғаны соның ішіне жинақтайсың, бір сөзбен айтқанда, бұл сала жинақылықты қажет етеді. Миллер сияқты бір ауыз сөзің артық һәм кем болмауы керек, драматургтың лексиконында «білмеймін» деген сөз болмауы қажет.

– Біздің қазіргі қоғамның басты дерті не?

– Көптен бері ауыр ойда жүрмін. Енді елу жылдан кейін Қазақ қандай күйде болады, білмеймін. Халқымыздың саны – 12 миллион ғана. Өзбектер 34 миллион болды. Ішімізде төрт полигон жатыр. Ішіңдегі запыранды төгіп, жеңілдеп қалатын адамың да жоқ. Сондай сәттерде Оралханға, Ақселеуге, Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді. Әсіресе Ақселеуге: «Сен неге өлдің? «Бірің өліп, бірің қал» деп кетіп қалғаның ба? Оралхан, сен де тым ерте кеттің, Шерхан ағаларың да кетті, бір-бір топ болып жүрсек, мына билік, ел-жұрт бізді тыңдайтын еді ғой. «Барлық қорлықты осылар көрсін» деп кетіп қалдыңдар ма?» деп қолға қалам алғым келеді. «Мұхтар, сен сияқты адамдар бізге керек еді ғой, шетелге кетіп қалу оп-оңай, сен Солженцин секілді кеткен жоқсың, сен өзіңнің жан тыныштығыңды ойлап кеттің. Шетелге кімнің барғысы келмейді. Бірақ біз осы елдің ішінде болуымыз керек, сен сыртта жатып алып, төрелік айтқанды қой, одан да өз ішімізге келіп айт. Шыңғысханнан гөрі бүгінге арналған роман керегірек еді, ол тақырыпты мұжып болдық емес пе?! Сырттан бақылап отырып, жұртқа төрелік айтқан саған жараспайды. Өткір ойың, терең ғалымдық қасиетің бар еді, сен қорлық көріп кеткен жоқсың. Жиырма жыл «Жұлдызды» басқардың, мемлекеттің барлық сыйлығын алдың, «Халық жазушысы» атандың, Мемлекеттік сыйлықты алдың, кетерден үш-төрт ай бұрын Иманғалидан 4 бөлмелі үй алдың. Сонда сен неге өкпелісің? Сені бұл мемлекет несімен өкпелетті? Саған бәрін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7