Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

берген осы мемлекетке разы болуың керек. Шығармаларыңның басылмай қалған кезі болған жоқ. «Мен» деген роман жазып, жұртты өзіңе қарсы қойдың. Өзіңнен басқаны мойындамаған мінезің де болды ғой» деп хат жазғым келеді.

– Қорытынды сұрақ: жазушы деген кім?

Ол – композитор, ол – археолог, ол – тарихшы, ол – саясаткер, ол – математик. Жазушы болу үшін әлемдік әдеби үрдісті, саясатты, музыка мен ғылымды біліп отыру керек. Неге Айтматов басқаларға қарағанда көп оқылады? Ол бір оқиғаны баяндайды, және соның шешімін айтады. Ал біздің жазушыларда бос сөз көп. Жазушы шығармасында артық сөз болмағаны жөн.

Түйін сөз:

Жазушымен сұхбат екі сағатқа созылды, әңгіме үстінде ол кісі бір рет те орнынан қозғала қойған жоқ. Бастан-аяқ тіп-тік отырды. Тек сұхбат соңында ғана «ойбу, сен бала, мені сөзге айналдырып, темекі шегетін уақытымды өткізіп жіберіпсің ғой», – деді. Күлдік.

Сұхбаттасқан Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Дулат Исабеков: «Ендігі романымның кейіпкері – Америка түрмесіндегі қазақ қызы»

Pages: 1 2 3 4 5 6 7