Ол кітап министрліктің сараптамасынан өтіп, «Жалын» баспасынан шыққанына бір апта ғана болды. Түркияның «Temrin» атты әдеби журналы бір номерін тұтастай менің шығармашылығыма арнапты. Түркияның ең үлкен баспасы менің 2 томдық шығармалар жинағымды шығармақшы. Наурыз айында Стамбулда тұсау кесері өтеді. Шығармашылықтан тыс ел ішіндегі оқиғаларға араласпай қалған кезім болған жоқ. Жаңаөзен мен Маңғыстау мұнайшыларының қозғалысына жазушылардың ішінен бірінші боп мен қолдау білдірдім. Оны барша жұрт жақсы біледі. Коронавирус деген бәле шыққанда ондай індеттің алдын алу үшін «Дүрліккен дүние, бейғам Қазақстан» атты мақала жаздым. Өзіңді қолдаушы бір адам мені «шетел қазақтарының тірлігіне араласпайды» деп беталды айта салыпты. Япыр-ай, ештеңеден бейхабар ол қандай адам? Соқыр, мылқау, керең болмаса Ассамблеяның 15 жылдығына орай Астанада өткен жиында Президент Назарбаевқа: «Монғолиядан келген 800 қазақ квота бойынша тиісті ақшаларын ала алмай, екі жыл бойы мал қорада түнеп, ақыры Монғолияға қайтып кетті. Осы іске жауапты адамдар жауапқа тартыла ма, жоқ па?» деген сұрағыма Президент «Тартылады» деп, көші-қон комитетінің төрағасы Талғат Мамашевты тұрғызып қойып жауап алып еді. Бірақ, ол жауапқа тартылған жоқ. Осы хабарды теледидардан көрген монғол мен қытай азаматтары маған телефон соғып, рахмет айтып жатты. Айтпақшы, Монғолиядан көшіп келіп, үйсіз жүрген 7 баласы бар бір отбасына Талғардың бер жағындағы екі қабатты саяжайымды тегін беріп едім. Осыдан бір ай бұрын қазақ телевизиясы сол адамдарды тауып алып, арнайы хабар түсіріп қайтты. «Жаужүрек» пьесасы С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесінен көшіріп алынған» деген ғайбат сөз де әйтеуір бір жерден кінә тағу үшін айтылған даурықпа сөз. Онда мен тарихи фактілер мен құжаттарды ғана пайдаландым. Ондай тарихи деректер баршаға ортақ. Сұлтан Бейбарыстың жусанды иіскеп елін есіне түсіретінін М.Симашко тапқан деталь барлық пьеслаар мен кинофильмдерде көшіп жүр. Оны да көшірме деп қалай айта аламыз? Ол да тарихи деталь. «Бөрте» пьесасын «Шыңғыс хан» атты тетралогиямнан көшіріп алған деген сынды пікір айтыпсың. Мен ол кітапты оқымақ түгілі, қолыма ұстап көрген адам емеспін. Қорамда мың қой тұрып, біреудің тышқақ лағын ұрлап қайтемін? Көңілге толар басқа кінә табылмаған соң мені «Жолдас Исабеков Совет жазушысы» деп мұқатқан болыпсың. Біз бәріміз Совет жазушыларымыз, Бейімбет Майлиннен бастап. Ал, Совет жазушысы бола қояйын, советтік идеологияны қолдаған бір шығармамды тауып көріңдерші. Керісінше, 80-жылдардың орта тұсында жазылған «Социолизм зәулімі» («Небоскребы Социолизма») деген әңгімем социализмнің құлауы жайлы емес пе? Сол әңгімені Мәскеуден шығатын «День» деген оппозициялық газет жариялап, біраз шу болған жоқ па еді? Ал «Ескерткіш» деген әңгіме Совет бюрократиясына қойылған «ескерткіш» деп бағаланған еді ғой. Көргісі келмеген адам ештеңені көрмейді екен-ау! Ал өзің болсаң ағылшын тілінің қақ ортасында – Америкада тұрып жатырсың. Қазақ әдебиетін Америкада насихаттауға,
«Оралханды да, Құдайымды да ұмытқан жоқпын» – Дулат Исабеков Мұхтар Мағауинге жауап берді
Posted by admin on Окт 10th, 2023 in Рассказы