Дулат Исабеков: «Мағжанның махаббаты ешкімге ұқсамайтын махаббат»

Дулат Исабеков – қазақ әдебиетінің бүгінгі ақсақалы. Жақында автордың «Өкпек жолаушы» пьесасы ағылшын көрерменіне жол тартып, ақсақалымызбен Лондонда оқырман қауымның, студенттердің кездесуі өтіп, Кембридж университетінде кітап тұсаукесері болды. Сонымен бірге биыл Әуезов атындағы академиялық драма театрында маусымашар премьера Исабековтың Мағжан Жұмабаев туралы «Жүз жылдық махаббат» қойылымымен ашылады екен. «Академиялық деңгейдегі театрда жетінші пьесам қойылып жатқан мен – бақытты драматургпын»деп ағынан жарылған атамыз Massaget.kzпорталына сұхбат берді. – Мағжан туралы пьеса жазу ойына қалай келдіңіз?  Мағжан қазақтың ғана Мағжаны емес, ол әлем әдебиетінің Мағжаны. Мағжан қазақ үшін несімен құнды? Мағжанды шыққан күннен бастап неге қазақтың екінші Абайы дедік? Мағжанды неге жазуға кірістім? Мағжан сияқты ақындар бар, тағдырлы ақындар көп. Жалпы мен репрессия туралы жазғым келмеген. Өйткені, ол қазақ драматургиясында, әдебиетінде жаңалық емес. Біз бұл кезеңнен өттік. Қалтай Мұхамджановтың «Біз періште емес едік» дегенінен бастап қаншама шығармалар өтті сахнадан. Одан кейін Мағжан туралы қайталап несін жазасың? Тағы да репрессия, тағы да шынжыр, тағы да кісен, тағы да сұрақ, тағы да милиция. Мағжан туралы жазу керек деп Солтүстік Қазақстан театры қоймаған соң, жарты жылдай ойланып жүріп, Мағжанның өмірін зерттейінші дедім. Қолға алып қарағаннан кейін барып, Мағжан туралы жазбаймын дегенім үшін өкіндім. Менің оным қателік болған екен. Өйткені, Мағжан – ешқайсысына ұқсамайтын ақын. Алдында өткен ағаларына да ұқсамайды, кейінгілеріне де ұқсамайды. Тіпті Зылиханың өзі ешкімге ұқсамайды. Ол отбасында отырып қалған, күйуін жоқтап, асыраушысын жоқтап, қара жамылған әйел емес. Ол бәріне философиялық биіктен қарайтын әйел. Осы екеуі сай келді. Әсіресе, Мағжанды жазуға түрткі болған Зылиханың өмірі болды. Қазір пьесаны екі сағатқа жасап жатырмыз ғой, ал өзінің айтуынша Зылиханың әрбір сағаты бір-бір драма. Міне, осыдан кейін барып тексеріп қарасам, шынында да солай екен. Мағжан ең алдымен бізге аса жоғары білімді ақын болғанымен және қазақ поэзиясына жаңа сарын, жаңа леп, жаңа пәлсапалық биіктік әкелгенімен, қазақ қоғамына үлкен азаматтық үнді алып келуімен, қазақтың әдебиетіне, өнеріне ұлттық реңкті әкелуімен, ұлттың өміріне басқаша биіктіктен қарай білуімен, бұл ұлттың ешкімнен кем емес екенін дәлелдеуімен құнды. Ол орыс әдебиетін, әлем әдебиетін бүге-шігесіне дейін білген адам. Өзімен замандас мәскеулік ақындармен терезесін тең ұстаған адам. Мен бұратана халықтың өкілі екенмін, сендердің әдебиеттерің бізден әлдеқайда бай, сондықтан біз кенжелеу келе жатырмыз, сендердің соңдарыңнан еріп келе жатқан інілеріңізбіз деп есептемеген адам. Өзі сол кезде пір тұтып жүрген Бальмонттың, Ивановтың, Брюсовтың, Константиновтың өлеңерінен биік екенін, тіпті Блокпен де қатар екенін білген. Өз халқының әдебиетінің тарихы олардан 700-800 жылға ілгері, философиялық деңгейіне олардың әлі жете алмай жүргенін жақсы білген және соны түсіндіруге тырысқан ақын. Блок өлгенде оның сахнадан оқыған өлеңі, сол кездегі орыс

Pages: 1 2 3 4 5