әдебиетін дүр сілкіндірген.
Мағжанның махаббаты да ерекше, ешкімге ұқсамайтын махаббат. Өзі үйленгелі жатқан кезінде Зылиханы келіп қолынан жетектеп айдалаға алып кету – ол сөзсіз ерлік. Сонау Томскіге. Горький жырлайтын «Дауылпаз туралы жырдағы» ерлердің ессіздігі дәл осы. Зылиханың намысын қорғаймын деп, құс мылтығымен Зылиханың күйеуімен дуэльге шыққан адам. Оның дәлелдемекші болғаны: «Зылиханың ары таза, біздің арамызда ештеңе болған жоқ». Осыны естігенде Максим Горький керемет таң қалған: «Мынау қазақтың Пушкині ғой» деп. Сосын Брюсов Горькийге: «Қазақтан осындай Пушкин шықты, мәселе оның дуэльге шыққандығында емес, оның албырттығы, ақындығы, махаббаты» депті. Кейіннен Зылиха Горькийдің алдына Мағжан ісі туралы көмек сұрай барғанда, қатты қайғырып, өз әйелі Пешкова тапсырған: «Саған Мағжан Жұмабаевтың әйелі барады, соған қолыңнан келгенінше көмектес» деп. Пешкова ол кезде «Қызыл кресттің» бастығы болатын. Жазбаймын деп жүргенде тағы бір себеп болды, тексеріп қарасам Мағжан Жұмабаевты ату жайлы үштіктің қаулысы жоқ. Мен ойлағам үштіктің қаулысымен атылып кетті ғой, 58 бап бойынша деп. Енді неге атылды? Мәскеудің ОКПУ-ының бір қызметкері Зылихаға: «Мағжан туралы қаулы жоқ. Мағжанды құтқарып алып қалу қазір оп-оңай. Тіпті түрмеден шығарып алуға болады, ОКПУ-ға хат жазыңыздар» деген. ОКПУ-ға хат жазған, олар жауап берген: «Иә, Мағжанды ату туралы қаулы жоқ. Сондықтан, Қазақстан бұл мәселені өзі қарасын» деп. Сосын біздің ОКПУ жауап береді: «Сіздердің жауаптарыңыз дұрыс емес, Мағжан атылуға тиіс, өйткені 1924 жылғы Жазушылар Одағының қаулысы бар, 1923 жылы шыққан Мағжанның кітабы бойынша. Сонда талқылана келіп Мағжанды қаралаған. Мағжан пантуркист, Мағжан ұлтшыл, Мағжан Жапонияның жансызы. Осының өзі Мағжанды атуға жетпей ме?» деп. Мәскеуге не керек, олар адамның көбірек атылғанын жақсы көріп отырған адамдар. Қазақстанда да сондай. Сосын Қазақстанның өзі ату жазасын сұрап отыр деп, Мағжанды атып жіберген. Міне, осындай тағдыр. Осыны көрсеткім келді. Жазуға итермелеген тағы бір нәрсе – заман мамыражай болды, тәуелсіздік алдық дейміз, шындап қарасаң қанша формация өзгергенімен жазалаушы топтың жазалау себептері өзгермеген екен. Пьесада Мадинаның Зылихаға айтатын жері бар: «Қайғы-қасірет сізде ғана бар ма? Махаббат сізде ғана бар ма? Әр заманның өз сұрқылтайы бар. Әр заманның өзінің қасірет-қуанышы бар. Міне, біздің де басымыздан өтіп жатыр» дейді. 86 жылды қосайын деп едім, белгілі себептермен қоса алмадым. Жалпы, адамды жазалау, қыздарды шашынан сүйреу әлі тоқтаған жоқ. Жазалау тобының қағидасы ешқашан өзгермейді. Осыдан кейін бар Мағжан туралы жазуыма тура келді және мен Мағжанды бастан-аяқ көрсету қызық болмай қалды. Өйткен, ол қайталау болады. Сосын Мадина мен Зылиханың кездесуінен бастадым. Қойылымның бұрынғы атауы «Әлдиле, өлім, әлдиле» болатын. Ол Мағжан аударған Бальмонттың өлеңі еді. Қойылым финалында Мадина келеді. Зылиха креслода отырып көз жұмады.