Мадина сонда шошып кетіп: «Зылиха апай, көзіңізді ашыңыз, — креслоны тербеді, — өлім адамды әлдилеуші ме еді, әлдиле өмір, әлдиле!» деп аяқталатын. Сосын, тағы түсініксіз болып қала ма деп «Жүз жылдық махаббат» деп қойдық. Пьеса осы туралы. Қалай болады? Жүрегім лүпілдеп күтіп отырмын.
– «Өкпек жолаушы» Англияда, Лондонда қойылды. Ағылшын оқырманына жол тартты. Яғни, қазақтың драматургиясы, қазақтың бүгінгі әдебиеті әлемге жол алды. Бір сұхбатыңызда айтқан екенсіз: «Менің жазып отырған тақырыбым – сол қоғамға ортақ бір мәселені қаузап отырғаннан кейін көрермен оны қабылдады» деп. Бүгінгі қазақ өнерінде, қазіргі Қазақстанның кеңістігінде қоғамдық мәселені көтеру, оны өнер арқылы жеткізу қай деңгейде? Шығармашылық адамдары осындай дүниені халыққа бере алып жатыр ма? – Қазақтың басынан өткен, өтіп жатқан және өтетін мәселе өте көп. Мен кейде қорқамын өткен проблемадан гөрі өтетін проблема көп пе деп. Өйткені, қазіргі геосаяси жағдайды жақсы білеміз, ұлттың санын жақсы білеміз, әскеріміз мынау, территориямыз кең, байлығымыз көп. Оның бәрі мақтаныш, бірақ, сол мақтанышқа көз алартып отырған адамдар көп. Мәселеміз көп бола ма деп қорқып отырғаным сол. Ал, өмірде, әлеуметтік жағдайда, отбасылық жағдайда осының бәрі оған әсер етпей қоймайды. Қоғамсыз өмір жоқ. Саясатпен шаруам жоқ дейді кейбір шығармашылық адамдары. Бірақ, осының өзі саясат екенін солар білмейді. Проблема бар-дағы, оны айта білу бар. Біз көбінесе үстімен кетіп қаламыз, проблеманы айтқанда біз публицистикалық жанрға кетіп қаламыз, ол газеттің жанры. Ал, әдебиетке, драматургияға өзек қылып алғанда оның бәрін тікелей айта беруге болмайды. Англияда заң бар, өзіміздің ішкі қайғымызды біздің драматургиясыз айтпайды дейді олар, сөзбен, күліп отырып білдіреді. Бірақ, ішкі жан-дүниесі жылап отырады. Драматургия сол кезде ғана қызық болады. Ал, айтып қоятын болса, ондай материалды ақпараттан күнде оқып отырамыз. Одан да сұмдығын оқып жатырмыз. Мысалы, бүгін теледидарды ашып қалсам Россияның каналында беріп жатыр, тастанды балалар жайлы. Оларда да қаптап кетіпті. Балалар үйінің қасына әкеліп баласын тастап кететіндер көп екен. Сонда бір медбике айтып отыр: «Құрметті жастар, сіздер балаларыңызды тастағанда салафанға орап емес, шүберекке орап, қағаз қорапқа салып әкеліп тастаңыздаршы!» дейді. Онда баланы тастау заңды нәрсе сияқты. Біз қай заманға келік? Менің бір өмірімде, міне биыл 72-ге келдім, соншалықты мөлдір, бұлақтың тазалығындай қоғамды көрдік, адамды аяу, жетімді аяу біздің о кезде қағида болатын. Ал, қазір біз өз баламызды далаға тастайтындай дәрежеге жетіппіз, баланы туып сататын дәрежеге жетіппіз. Саясатты былай қойғанда, міне, осындай проблемалар бар. Бірақ, осының бәрін жазу керек болса, оны трагедияның қалың бояуымен жаза берсеңіз, ешкім қабылдамайды. Мәселе оны айта білу, проблеманы қоя білу. Драматургия деген бұл өзі беті шымырлап жататын, асты ағын өзен