тіл болмаса ұлттың мінезі көрінбейді. Кезекші тілмен, журналистикалық тілмен жазылған көркем шығармада адам жанын түгел танып болуға болмайды. Өйткені, онда жоғарғы жағын, беткі жағын ғана қалқып, тереңіне үңіле алмайды. Тереңге біз тіл арқылы ғана жетеміз. Тіл деген біздің акваланг, неғұрлым жетілген сайын, біз теңіздің терең тылсымына соғұрлым сүңгиміз. – Massaget.kz порталының оқырмандарына, ғаламтордағы жастарға айтар тілегіңіз… – Жасы жетпістен асқан адамның не тілегі болушы еді?! Мен алға қарағаннан гөрі көбірек артқа қараймын, не істедім, не қойдым деп. Ал, алға қарауым – біз қай жолмен келе жатырмыз, ертең болашағымыз қайда барады, қауіп-қатер көп. Санымыз болса 11 миллион, осындай-ақ адамнан қандай мемлекет құруға болады? Жан-жағымыздың бәрі белгілі… Елбасымен де сөйлескенде осы мәселе жөнінде айтқанмын. Бүгінгі елдің тыныштығы жайлы баса әңгімелестік, жастар осы тыныштықты пайдалана отырып ұлттың санын көбейтуге баса назар аудару керек деп айттым мен әзілдеп болса да (күлді). Қазақтың санын қайткен күнде де көбейту керек. «Қазақстан 2050» деген ұранға 2050 жылы 50 миллионға жету керек дегенді де қосу керек шығар. Ақыры біз орындалмайтын жоспарларға құмармыз ғой. Мемлекеттің ауылды гүлдендіруге жыл сайын 155-160 миллиард теңгелері бар. Бірақ, ауыл гүлденбей жатыр. «Ауыл – алтын бесік» деген жаттанды сөз емес, ұлттың алтын бесігі ауыл болады. Өткен заманда ауыл – тіл, ауыл – дін, ауыл – діл, ауыл – болашақ және ауыл – тұрақтылық еді. Әркімнің өз жұмысы бар. Бір бос жүрген кісі көрмейсің. Асып-тасыған, елден оқ бойы озған ешім жоқ еді. Совхоз директорларының балалары кішкене жақсы болған шығар, бірақ, олардың да көп болса бір бәтіңкесі не бір костюмы артық. Ал, қазір ауыл-ауданның әкімдеріне қараңыз. Жастар аман болсын, ісіміз оңға бассын! – Әңгімеңізге рақмет!Сұхбаттасқан: Мейіржан Әуелханұлы
https://qazaquni.kz/rukhaniyat/30226-dulat-isabekov-ma-zhannyi-mahabbatyi-eshkimge-samaytyin-mahabbat