осы сөзбен бір қайырған Президен одан әрі Гаагадағы кездесулердің мән-жайын баян етті. Мен де осы арада Елбасына ризашылығымды білдірдім. Мемлекет басшысының беделі – мемлекеттің беделі. Мемлекетің азуын айға білеп тұрғанымен оның басшысы дарынсыз біреу болса, ел атына сын. «Сіздің АҚШ Президенті Барак Обама сияқты тұлғалармен жеке кездесіп әңгімелесуіңіз біздің көңілімізді тасытты. Сол жиындағы саясаткерлерден сіздің шоқтығыңызды біз биік көріп отырдық», — деп едім Президент жайраңдап күліп: «Бәрі де елдің қамы ғой» деп бұл әңгімеге нүкте қойды.
— Дулат аға, сіз былтыр Қазақстан халқы ассамблеясының құрылтайында Моңғолиядан көшіп келген бауырларымыздың біразы кері көшіп кеткені туралы айтқан едіңіз? Сол мәселе әңгіме болды ма?
— Болды. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерін қоспағанда 11 миллион ғана халқың бар. Нүреке, осы көші-қон жайы қалай болады, мынау Ақордамыз қоныс тепкен Арқа даласының батысы мен солтүстігіндегі облыстарға көз алартып, сөз қылып жатқандар бар деп едім, Президент: «Көш тоқтамайды, мұның бәрін терең ойлап, нақты істерге қадам жасағалы отырмыз, көңіліңдегі алаңды түсінемін», — деді.
— Байқаумызша, Президентте бір бетбұрыс бар сияқты.
— Иә, Елбасының елге деген ықыласын осы жолы ерекше байқадым. Үлкен саясаткер ғой. Саясаттың адамы алдағы жоспарының бәрін ақтарып тастап қарап отырмайды. Бірақ, бір бетбұрыстың барын осы жолғы кездесуден мен де іштей аңғардым.
https://abai.kz/post/38101
Pages: 1 2