Дін түзетіп, тарихи шешім қабылдауда Діни басқарма үшін қоғамның пікірі маңызды, зиялы қауымның көзқарасы қымбат. Сөзі салмақты, пікірі өтімді тұлғалардың Дінбасымен сұхбаттасып, мүфтиятта еркін әңгіменің өрбитіні де сондықтан. Жуырда көрнекті жазушымыз Дулат Исабеков те Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен сұхбаттасты. Дін мен дәстүр, елдік мақсат, жастар жайлы ой бөлісті, мәселенің түйінін тарқату туралы ұсыныстар айтылды. Белгілі драматург пен Дінбасының шағын әңгімесін жазып алған едік.
Бас мүфти: Дулат аға, Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағына қош келіпсіз! Жақында Айтматов атындағы халықаралық сыйлыққа ие болдыңыз. Әуелі Сізді өзімнің және Діни басқарманың атынан құттықтаймын. Бұған біз де марқайып қалдық.
Дулат Исабеков: Рахмет, мүфти-хазрет. Бұл – барша қазаққа берілген марапат деп есептеймін. Өзімді бақытты санаймын. Өйткені, осы халықаралық сыйлықты тәуелсіздік мерекесі қарсаңында алдым.
Бас мүфти: Сыйлы, құрметті кісілерге тәбәрік ұсынған қонақжай қазақпыз ғой. Қажылықтан келген сый-тәбәріктерді өзіңізге берсем деп әуелде ниет етіп қойғам. Астанада Төлен (Әбдік – А.Қонарбайұлы) ағаға бердім, Алматыда өзіңізге құрметпен ұсынамын. Қасиетті зәм-зәм суын жақсы тілек айтып ішкен адамның дұғасы қабыл деген. Жайнамаз өміріңіздің серігіне айналсын.
Дулат Исабеков: Үлкен рахмет. Мүфтидің қолынан тәбәрік алу мен үшін үлкен абырой. Мұны жақсылыққа балаймын. Бұл үшін алғыстан басқа айтарым жоқ.
Бас мүфти: Дулат аға, қазір біз дін мен дәстүр сабақтастығын жиі айта бастадық. Діни басқарма деңгейіндегі «Дін мен дәстүр» жылын 2018-ге дейін созуды ұйғардық. Бұл идея қоғаммен тығыз байланыс орнатуға жол ашты. Жазушылармен, зиялы қауым өкілдері арасында алтын көпірге айналды. Имамдарымыз түрлі саладағы адамдарға жақындай түсті. Оның үстіне теріс ағымға кеткен жастарымыз арамызға қосыла бастады. Өзіңіз де жақсы білесіз ғой, кезінде шариғаттағы амалдар біздің дәстүрімізге сіңісіп кетті. «Құдай жоқ» деп ұрандатқан кешегі коммунистік кезеңде дінімізді сақтап қалған осы дәстүріміз болды. Оның ықпалы зор болды.
Дулат Исабеков: Бұл бастамаларыңыз орынды болған. Жұмыстарыңызды көріп, естіп жүрмін. Мен оны қолдаймын. Құдайға шүкір ғой, қазір діни ахуал түзеле бастады. Бірақ менің қарным ашатын дүние: осы біздің дінімізден жамандық, дұшпандық, жауыздық іздеу үрдісі соңғы кездері үдеп кетті. «Қит» етсе немесе біреу бір жерде «қисайып» қалса, дереу «ойбай, мұсылмандар қырып жатыр, Ислам террористері» деп оңай жала жаба салады. Жаныма батады. Дін деген ізгілікке толы дүние ғой. Ислам мен лаңкестікті егіз ұғым етіп көрсеткісі келетіндердің әрекеті үлкен күнә деп есептеймін. Бұл мұсылмандар арасына үлкен лаң салады.
Бас мүфти: Дұрыс айтасыз, аға. Ақиқат көп адамға жақпаған. Ислам пайда болғалы бері оған күй жағушылар да қарап отырмаған. Өткенде Елбасы журналистермен өткен сұхбатында әдемі айтты емес пе? Лаңкестің ұлты, діні, тегі болмайды. Ол барлық жерде бар. Ал енді осындай