Дулат Исабеков: Тоқаевтың Жаңа Қазақстан туралы сөзін қолдап отырмыз

Қарин өзі жүргізіп отырған жиында айтқанымды айттым. Кеше қарасам, Nege.kz бас тақырыбын «Тоқаевпен кездессем, бәрін айтып бетіне басам» деп айғайлатып тұрып, ғайбат сөзбен беріпті. Тоқаевтың алдына барып бетіне басатын мен кіммін? Бұл – қатын өсек сөздер ғана. Президент менің күнде араласып жүрген замандасым емес, әріптесім емес. Менің айтқаным, егер де уақыты болып, Тоқаев мені қабылдаса, өмірдің біраз проблемаларын айтар едім деген ғана сөз еді. Мұндай аласапыран кезде артық-ауыс сөздер айтылып жатады. Болған, бола да береді. Біз кешіріммен қарауымыз керек. Әрі Тоқаевтың жағдайын да түсінем, бәрі табан астында болды. Оқиға кезіндегі ішкі-сыртқы жағдай президенттің дегбірін алған болуы керек. Елді, мемлекетті, қаланы қорғау үшін ол әрекеттеріне мен кешіріммен қараймын. Көз алдында қала қирап жатқанда ол сондай іске барды. Кейінгі екі-үш күнде көп нәрседен хабардар болдым. Егерде оның орнында мен президент болсам, не істер едім деп ойладым. Стратегиялық нысандардың бәрін басып алып, қаланы қиратып жатқанда оқ атпайық деп қарап отырамыз ба? Террористтердің ойында не барын мен де, қарапайым халық та білген жоқ. Кейін маған картинаны толық түсіндірді. Nege.kz ке тағы да айттым: «шымбайға бататындай сөзді айтпауым керек еді. Сендерде журналистика этикасы деген бола ма? Менің айтқанымның өңін айналдырып беріпсіңдер. Бұл кімге пайдалы? Халыққа пайдалы ма? Сендерге пайдалы ма? Мүмкін рейтинг үшін шектен шыққан бір ғайбат сөзбен тақырыпты айғайлатып берсек жұрт көп оқиды деп берген шығарсыңдар. Мақаланың ішінде алып бара жатқан ештеңе жоқ. Тек тақырыпты құртыпсыңдар». Анығын айтқым келіп отыр. Бірақ менің сөзім болмағандықтан ол журналистердің этикасының төмендігі. — Енді әдебиеттің мәселесіне ойыссақ. Осыдан бірнеше жыл бұрын маған берген бір сұхбатыңызда мемлекеттік баспа ашу, кітап тарату ісі, қаламақы жүйесі туралы Н.Назарбаевқа айттым, ұсындым деп едіңіз. Бұл мәселелер әлі өзекті ғой. — Тоқаевқа айтатын көп әңгімем бар еді дегенім сол. Бетіне басайын деген сөз емес ол. Міне, осыны айтайын деп едім. Бұрынғы президентке де осыны айтқам. Қазақстандағы ең үлкен баспа – «Жазушы» баспасын ұзақ жыл басқардым. Сол баспа өзге баспаларды да асырайтын. Қаламақы мәселесін де айтып, құлақты мезі қылдым. Назарбаев «қаламақыны көбейтеміз, көбейтеміз» деп жиі айтты. Бір күні өзімен кездесудің сәті түскенде «Нұреке, қаламақыны қалай көбейтпекшісіз? Қазақстанда 700 жазушы бар. Оның бәрінің қаламақысын көтеру үшін механизм керек» дедім. Шетелдерде арнайы әдебиетті қолдау мемлекеттік қоры болады. Олар осы қор арқылы әдебиетті қаржыландырады. Сөйтіп, Нұрекеңе түсіндірдім: біз бұрынғыға қайта оралып, бір мемлекеттік баспа ашайық. Әр облыстағы мәдениет басқармасынан кітап саудасымен айналысатын екі штат ашып, кітап дүкендерін қалпына келтірейік. Сөйтіп, әр облыстан жыл сайын тақырыптық аталымды бекітіп, оны облыстарға жолдау керек. Әр аймақ сол аталым бойынша кімге қандай

Pages: 1 2 3 4