бағыттағы қанша кітап керектігі бойынша өтініш жазады. Осылайша тираж жиналады. Мен орта есеппен әр кітапқа 15 мың тираж есептегем. Аймақтар өтініші негізінде жиналған аталымдар бойынша баспаға жібереміз де кітап шыққан соң, жеткізіп береміз. Әрі қарай өздері біледі. Және кітаптың бағасы халықтың қалтасына шақ болуы тиіс. Қазіргідей балалардың кітабын 2 мыңнан сатуға болмайды. Мемлекеттік баспа ашу үшін мемлекет 375 миллион теңге берсе болды. Әрі қарай бір тиын бермесе де болады. Тираж өскен соң, қаламақы да өседі. Осы айтқандарымды қағазға түсіріп, Назарбаевқа бергем. «Мұның жақсы екен» деді. Бірақ істемеді. Екінші рет жолыққанда тағы айттым, істемеді. Неге жүзеге асырмады деп ойласам, біздің билікке жазушылардың тәуелді болып жүргені тиімді ме деп қалдым. Егер қаламгердің қаламақысы жоғары, тоқ болса, олар тәуелсіз болып кетіп, айтқанды тыңдамай қоя ма деп ойлайды-ау деп өзімше топшыладым. Басқа себебін көре алмадым. — Жастар, кітап мәселесін айтып жатырсыз ғой. Жаңа өзгерістермен бірге қазақ жастарының да оқу-ағарту мәселесі күн тәртібіне шықты. Жақында президент жастарды Ресейде техникалық мамандарға оқыту керек деген бастама айтты. Мұны ел ішінде «ойбай, тағы да бодан боламыз» деп байбаламдатып жатқандар да бар. Осы жастарды техникалық оқуларға жіберуге қалай қарайсыз? — Осы біз бір нәрсе болса міндетті түрде біржақты түсінеміз. Анау ВГИК-ті қаншама азаматтарымыз бітірді. Дүниежүзілік әдебиет институтын қаншама қазақ қаламгері оқып, бітіріп шықты. Қалихан, Әкім бәрі соны бітірді. Ресейде оқып келсе де Ресейдің боданы боп кеткен жоқ. Шетелде де «Болашақпен» оқып жатыр ғой. Тоқаев өте орынды мәселе көтеріп отыр. Гуманитарлық білім жақсы, енді бізге техникалық білім керек. Мәселен, машинаның бөлшектерін сырттан алып келіп, оны құрастыруға маманды тағы шетелден әкелеміз. Техникалық білім алып келетін жастар ертең сол машина жасау сынды салаларда кәнігі маман болады. Сондықтан бізге техникалық интелегенция керек. Сол себепті мұны қолдаймын. Жақсы бастама. — Сөз соңында әдебиетіміздің ақсақалы ретінде елге, ел азаматтарына айтарыңыз бар ма? — Елге де, президентке де сабыр тілеймін. Тоқаевпен ол президент болмай тұрып-ақ қарым-қатынасымыз жақсы болған. Әлі де солай. Ел тізгінін қолына алған үшінші жылында мынадай жағдайға тап болды. Аласапыранда мына жақта шерулеткен халық, ана жақта террористтер, оған ескі биліктің ішіндегі қарсы топтар да қосылды. Бір сәтте оның бәрінің тілін табу мүмкін емес. Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады. Мен қазір президентке жанашырлықпен қарайтын дәрежеге жеттім. Халыққа да – «сабыр түбі сары алтын» дегім келеді. Біз өзі күту үшін жаралған халық секілдіміз. Сонау 1916 жылдан бері басымыздан не өтпеді. Азамат соғысы, екі ашаршылық, репрессия, соғыс, тағы да репрессия, тың көтеру. Бәрі де өтті. Демек бәрі де өтеді. Аяғына дейін сабырмен қарайық және
Дулат Исабеков: Тоқаевтың Жаңа Қазақстан туралы сөзін қолдап отырмыз
Posted by admin on Окт 10th, 2023 in Рассказы