Тоқаевқа тілекші болайық дегім тұр. Және тағы да бір тілегім бірнеше күнге созылған аласапыранның кезінде жазықсыз жандар да тұтқындалып, біразы түрмеде жатыр. Естуімше олардың бәрін ұрып-соғып жазалау орын алыпты. Кейбір жастар жазықсыз өлім құшып, оны ата-аналары жерлеп қойған жерінен сүйектерін қайта қазып алу да басталған екен. Ол не үшін керек? Бұл қазақтың дәстүрінде, өмірінде болмаған оөқиға ғой. Менің тілегім жаппай жазалаудың кезінде жаппай қамалған жазықсыз көп жандарды бостандыққа шығару керек. Қалай болғанда да өз ұлтымыз, қандастарымыз емес пе? Оларға жанашырлықпен қарауға тиіспіз. Президент Тоқаевқа айтпақ болған ойым да осы еді.
https://abai.kz/post/146343