шықты, тіпті түртілмеген. Мен шөптің арасынан ине іздегендей әрбір тамшы мағлұматпен барынша сүзіп таныстым, солай жинақтап, көркем дүние еттім.
Енді Түркістан театрының ұжымы «Бөртемен» дүниежүзін аралаймыз деді. Пьеса ағылшын тіліне аударылып қойды. Шығармашылық құрамда шетелдік режиссерлар да бар. Олар Алматыға келіп, үйіме қонақ болып кетті. Маңайындағы бірнеше аудармашылар да келіп, бір күн бойы мәтінмен жұмыс істедік. Қазақ пен ағылшын тілін де салыстырдық. Шетелдік режиссерлер Шыңғыс хан туралы, Ұлы қағанның бірнеше әйел алғанын біледі. Бірақ Бөрте туралы мүлдем хабары жоқ. Кейін Бөртенің болмысымен таныса келе, керемет сезімге бөленді. Түркістан театрынан кейін италиялық режиссерлер елімізде қоямыз деп жоспарлап отыр. «Бөртенің» таныстырылымы өтер-өтпес жолы болып жатыр. Швейцария, Люксембург, Австрия мен Аустралия елдері қызығушылық танытып, театрда сахналауға ниет білдірді. 2022 жылдың көктемінде Еуразиялық Шығармашылық гильдиясының мұрындық болуымен Аустралияның Мельбурн қаласында «Бөртені» көрерменге ұсыну жоспарланып жатыр. Еуропалық режиссерлерді таңғалдырған дүние – «Бөрте» бейнесі. Біздің ата-бабамыздың ғасырында мұндай қайратты, рухты әйел болмаған деп бағалады. Бұл дегеніміз, Шыңғыс ханның аяғы жетпеген Батысқа «Бөрте» барады деген сөз…
ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНДА АРЫС ЖАЙЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАДЫМ
немесе бір жасында жан тапсырып, көмілмей қалған бала
Арыстық ардагерлермен жүздесу кезінде Дулат Исабеков бір жылдары Ұлыбританияның Лордтар палатасында сөз сөйлеген сәтін де майын тамыза әңгімелеп берді. Әйгілі Вестминстер сарайында жазушы Лондон лордымен кездесті. Осыған дейін лордтар палатасында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов, Нобель сыйлығының иегері Орxан Памук трибунада сөз сөйлеген еді. Сол жолғы қабылдау қазақ жазушы-драматург Дулат Исабековтың шығармашылығына арналды.
-Маған сөз берді, алдымен лорд сөйледі. Ол он минут баяндама жасайды деп ескертті, менің сөйлейтін сөзім одан екі минутқа аз болуы керек екен, заң солай. Алдында он бес минутқа баяндамамды ықшамдап қойған едім, енді одан да азайту керек болды. Қонақ үйдің фойесінде отырмын, сөйтіп, тоғыз минутқа қыстартылды. Аз уақытта мәнді сөйлеу үшін, ойлана келе, өзімнің туған жерімді айтамын деп шештім. Топырағым Арыс қаласынан екенін, соғыс кезінде туылған ұрпақ екенімді жеткіздім. Туылғаннан аурушаң болып, бір жастан аса бергенде бір күні демім жетпей, жүрегім тоқтап қалыпты. Анам да күдер үзіп, қақаған қыстыгүні «ертең жерлейміз» деп дәлізге шығарып қойған екен. Көр қазатындар дайын болғанда көрші әжей бас сұғыпты. Мейірі түсіп, соңғы рет менің бетімді көріп қалғысы келді ме екен, ораулы құндақты ашып қалса, мен ыржиып бетіне қарап күліппін ғой… Кемпір баж етіп шошып кетіп, ойбайлап шешемді шақырады. Жарықтық апам менің тірі екенімді көргенде ботадай боздап жылайды.
Бұл әңгімеден ағылшындар тамаша әсер алған. Соғыс көрмесе де, балалығын соғыс ұрлаған сол сәби бұл күнде шығармалары әлемді шарлаған жазушыға