- Қазіргі қоғамда өз ойын ірікпей айтатын, пікірінен таймайтын жазушылар өте аз. Әрине сіз солардың қатарынансыз. Әңгімені әдебиеттен бастасақ. Қазіргі әдебиетке көңіліңіз тола ма?
- Әдебиетке ешқашан, ешкімнің көңілі толып көрген емес. Ол заңды да. Тіпті Пушкиннің заманында да солай болған. Ал біздің XX ғасыр – «қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» деп атауға тура келіп тұр. Себебі сол кездегі әдебиеттің жеткен жетістігіне біз әлі жете қоймадық. Біз кейін шегініп кеттік. Әйткенмен бүгінгі таңда ештеңке жоқ деп кесіп айта алмаймыз. Бар әрқашан да болған. Бұл енді сылап-сипау емес. Бірақ әлемдік деңгейдегі әдебиетке қайта орала алмай жатырмыз. Неге? Себебі қайта құру басталды. Бұрынғы ақтаңдақтарды қайта қозғау керек болды да, бүгінгі күннің көркемдік тарихы кешеуілдеп қалды. Әрине, жастар да бар. Жастарға артып отырған үмітім зор. Өйткені өзім жастарды көп оқимын. Бірнеше шәкірттерім де бар. Алғашқыларының бірі кәріс тілінде кітап шығарып жатыр. Бізде қазір жазушылардан гөрі ақындарымыз өңімді туындыларды дүниеге әкеліп жатыр. Алайда баяғыдай бұрқырап жатқан әдебиет жоқ.
- Қазақстандағы әлемдік әдебиеттегі классик саналатын үш жазушыны атап бере аласыз ба?
- Қазір біздің Мемлекет шығармаларды әлемнің 6 тіліне аударуды қолға алғаны өте жақсы болды. Үлкен науқан басталып кетті. Мінекей, алдымызда «Азия-Африка жазушыларының форумы» келе жатыр. Бір қызық айтайын, Қазақстанға Испан аудармашысы келді. Қолында қазақстандықтарға танымал емес, қазақ жазушыларының аударылған шығармалары бар екен. Әуелі әлемге танымал болу үшін, Қазақстанға танымал болу керек емес пе? Одан соң сапасы өте төмен, кездейсоқ кездескен шығармалар жиі аударылатын болып жүр. Испан оқушысы «қазақ әдебиеті қандай екен?» деген мақсатпен оқығанда нашар әдебиетті көріп, қайта жоламай кетуі мүмкін. Бұл әдебиеттің кең таралуына кесірін тигізеді. Соған дәлел мен шетелде кітабымның алғаш рет тұсаукесерін өткіздім. Барып келсем маған бейтаныс әйел келіп, «сіз барып қайтқан жаққа бізде бес ақын болып бардық, ағылшын тілінде кітап шығардық» деді. Бірақ бесеуін де танымаймын, ақшасы бар ақындар екен. Әрине, Еуропаға ақшаңды ұсынсаң, не айтсаң да шығарып береді. Бұл әрине, менің намысыма тиді. Олар қандай моральдық һәм шығармашылық құқығы бар? Ал сол шыққан кітаптар туралы ақпараттық таратулар болды ма? Бізде қазір Одақтың басшылығына айтып, немесе жоғары жаққа айтып өздерін кіргізіп жібергендер бар. Өткен жолы бір дау болғанда Оралхан Бөкей, Шымкенттегі Мархабат Байғұт неге кірмей қалған деп ашынып айттым! Олардың орнына одақтың төңірегінде жүрген бірнеше жазушыларды кіргізіп қойыпты. Әдебиет-ардың ісі. Әрине, талпынған жақсы, бірақ қазақ әдебиетіне бұл керегі жоқ. Егер маған билік беріп жатса, әлем әдебиетінің шырқау шыңына Әбіш Кекілбаев, Төлен