ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: «Біз Ұлттық Мемлекет құрудан қорқамыз!»

Әбдіков, Бексұлтан Нұржекеевты шығарар едім.

  • Еліміздегі театрлардағы спектаклі ең көп қойылған драматург  Әуезовтен кейін сізсіз. Қазіргі драматургияның хәл-ахуалы қандай?

 

  • Драматургия қазір қажетті жанр болудан қалып бара жатыр. Бұрын пьесса жазу адамға қуаныш әкелетін. Қазір қаламақысы да маңдымайды. Бұрын 2 пьессаға бір мәшине беретін. Қазір «жаз, жақсы жаз, тегін жаз» деген ұран ғана бар. Біздегі сахнада қойылып жатқан туындылар драматургияға жатпайды. Драматургияның өзінің жазылмаған заңдылығы бар. Оқиға құру, оны өрбіту, кейіпкерлердің диалогы, ремарка, фабуласы, кейіпкердің мінезі бәрі баяндау ғана. Бізде әрекеттен гөрі сөз көп. Өзіңіз ойлаңызшы, Айтматов неге шет елде  көп оқылады? Себебі өтімді, қалтаға салып оқып кете беретіндей. Айтматов адамзаттық тақырыпқа барып, ұлтты ұмытпайды. Біз Айтматовтан әлі үйрене алмай келе жатырмыз. Біздің басты қателігіміз адамзаттық пен ұлтты айыра алмау. Қазақ басқаларға қарағанда көп оқыса да, меңгеру мектебімізді әлі аша алмай жатырмыз. Біздің қазақбайшылығымыз әлі қалмай барады. Біз тек қазақтар үшін жазамыз, өзгелер керек емес дейді. Бұл дұрыс. Бірақ сенің шығармаларын өзге ұлтқа қажет болып жатса жаман ба? Жазушы көп білудің қажеті жоқ, ол өмірден көрген-білгенін жазу керек деген түсінік те қалыптасқан. Бұл аз. Мен өзі екі жазушыны білемін. Біреуінің кітабы баспадан шығады. Екіншісінің кітабы перзент секілді дүниеге келген. Мәдениеттің де екі түрі бар. Біреуі құран. Екіншісі мәселен, қала телефонының анықтамасы. Екеуінде кітап деп қарауға бола ма? Біз осындай дүниелердің ара жігін ажыра алмай барамыз? Біздің жазушылар әлі ауылдан аса алмай жүр. Шетелдің жазушылары электрониканы да, техниканы да біледі. Қазақстанда бос жатқан неше тақырыптар бар. Құрылыс саласы, мұнай саласы, өндіріс саласы, атом энергетика саласы. Бізде бірде-бір қазақ жазушысы жоқ бұны білетін. Себебі бәрінен хабарсыз. Тіптен қала өмірі туралы да тамаша шығармалар жоқ. Біздің жазушыларымыздың зерттеу обьектісінің өзі тарлау. Бұр керенаулық па? Салғырттық па?

  • Мұнай, атом туралы жазуға білім, біліктілік жетпейді дейсіз. Шетелде оқыған жазушылардан Аягүл Мантай бар ғой.

  • Аягүлдің өзгеше бір әлемі, көзқарасы бар. Ешкімге ұқсамайды. Қазір басына қайғы орнап, әкесі, анасы, інісі дүниеден өтіп, сең соққан балықтай боп қалды. Өзі сирек жазады. Оның болашағы зор. Бізде аударма деген ең басты мәселе ғой.Біздің Қазақстан шетел тіліне аударғанда түпнұсқадан асып кетпесе, кем түспейді. Бізді аударғандар көп кемшілік жібереді. Менің «Қарғын» деген романымды франсуз тіліне аударған екен. Науқаншылықпен аударған соң ба, нашарлау шығыпты. Тіпті «таза франсуз тілінде емес» дейді. Енді қайта аудартқалы жатырмын.

  • Кеше ғана сізге хабарласқанда Арыстан

    Pages: 1 2 3 4 5