келіп жатырмын дедіңіз. Елдің жағдайы қандай екен?
- Елдің жағдайы қандай болушы еді, бейбіт күнде, таң атып шәй ішіп жатқанда соғысты басынан кешкен халықтың жағдайы айтпаса да түсінікті. Бұл Қорғаныс министрі айтқандай табиғи апат емес. Бұл адам қолынан жасалған апат. Үйлер салынып жатыр, жағдай жасалып жатыр, әр отбасы мүшесіне жүз мыңнан беретін болыпты. Оған енді өкпем жоқ. 17 секторға бөліп тастап, жапа-тармағай баспаналарын қалыпқа келтіруде. Арыста комедиялық мәселелер, қазақтың жалқаулығы да толып жатыр. Үйдің зіңгіттей еркектері ұйықтап жатады. Үйлеріне әкім кіріп, «өз үйің ғой, қарап, сөйлесіп, азырақ көмектессең қайтеді» десе салса салсын, салмаса қойсын дейді екен.
- Сөзіңіз аузыңызда, жазушы қоғамнан жоқ дегенде 10 жыл алда жүру керек дейді. Қазір адамдардың пейілі бұзылды ма, әлде қоғам бұзылды ма?
- Адамдардың пейілі тарылып, кең ойлайтын адамдар расымен азайып бара жатыр. Қазір эгоизм белең алған шақ. Жұрт «қой неге егіз туды, менікі неге жалқы туды?» деп шыға келеді. Қоғамда қанағат жоқ. Әрине, Арыстықтарымды ел алдында жамандайын деп отырған жоқпын. Арыста жарылыс болған күні Шымкенттегі наубайханасы бар азамат келіншегімен, 2 мың тандырды жауып, нан таратқан екен. Бір отбасыда 2-3 адам кезекте тұрған. Тура дүкеннен сатып алған сияқты, күйгенің емес, дұрысын берсеңдерші деп, аяғында рахметін де айтпай кеткен көрінеді. Киім әкелсе, мыналар бұрын киіліп қойған ғой, керек емес деп лақтырған. Әкім болса шырылдап, «неге кесірленесіңдер?» деп ұрсысамыз дейді. Қысқасы, Арыстықтарға не істесең де 100% өкпелі. Арысқа қатысты әңгіме көп енді. Болар іс болды. Бұны айтқаннан не пайда? Енді кім кінәлі деген сұрақ туады? Менің күдігім бар. Қолдан жасалуы әбден мүмкін. Өйткені бұл снарядтар құр снарядтар емес. Мыс, қорғасын, металлдар. Баяғыда Польшалықтар «оқ дәрілер сендер де бос жатыр, бізге сатыңдар» деп келіпті. Біз сатпаппыз. Сол бекер-ақ болған. Сатып жіберуі керек еді. Бұл енді сатылған оқ дәрілердің орнын толтыру мақсатында жарылған сынайлы. Неге десеңіз, бірнеше снаряд бір уақытта ешқашан жарылмайды. Бұған себепші күш бар.
- Қазақстан Тәуелсіздік алғалы Ұлттық Мемлекет құра алдық па?
- Құрмадық. Тек қана нышандары бар. Ұлттық көріністің алғашқысы тіл. «Өз елінде отырған ел басқа елдің тілінде сөйлесе ол елде болашақ жоқ» деген сөз бар екен. Бізде бәрі орысша сөйлейді. Мен кіммін? Қазақпын ба, орыспын ба, неміспін бе? Әлі белгісіз…
- Тоқаевқа қабылдауға барады екенсіз, ең алдымен қай мәселені көтересіз?