ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: «Біз Ұлттық Мемлекет құрудан қорқамыз!»

  • Бірінші, тіл мәселесі. Одан кейін Отандастарымыздың мәселесі. Демографиямыз да құлдырап жатыр. Ең білімді жастарымыз да шет елге жаппай кетіп жатыр. Себебі жұмыс бізде жоқ. Бар болғанымен білімсіз адам басқарады. Кәсіпкерлікпен айналысуда үлкен мәселе. Қанша кабинеттің есігін қағасын. Одан кейін жұмыс істеткізбейді. Менің бір досым бар еді кәсіп ашқан. «Санап тұрсам 1 күнде 17 адам тексереді» дейді. Содан кейін баға тұрақсыз. Баға деген өршіп бара жатыр. Кеше немерем есептеп беріп еді. Бір үйде тұру үшін 1 миллиондай ақша керек екен. Бір миллион алатын кім бар бізде? Сонда біз қалай өмір сүрмекпіз? Неге Қырғызстан бізден астық алса да нандары бізден арзан? Жанармай бағасы неге арзан? Міне, осы мәселенің бәрін прзеидентке барғанда қозғаймын.

  • Бізде барлық қазақ қазақша сөйлеу үшін, ұлттық саясат қалыптастыру үшін жергілікті халықтың өкілеттілі, саны жоғары болу керек.

 

  • Білесіз, рухани жаңғыру деген дүние бізде қазір ұранға айналып бара жатыр. Біреу кітабының тұсаукесерін өткізсе, «рухани жаңғыру» деп қоятын болыпты. Біз бұл жазусыз-ақ баяғыдан жаңғырып келгенбіз. Рухани жаңғыру деген — сананың жаңғыруы. Осы секілді Мемлекет мәселесі өте көп. Ұлттық Мемлекетті құрудан біз қорқамыз. Қазір санақ бойынша қазақтардың саны 67 %-ы  құрайды. Бір өкініштісі осы санды біз кейде төмендетіп көрсетеміз. Себебі «моно елге» айналып кетеміз бе деген кеудеде үрейіміз бар. Ресейге жалтақтаймыз.

  • Жалтақтамау үшін халық бай болу керек, иә?

  • Жұрттың бәрі бой болуы қиын. Бізде ат төбеліндей 10 % ғана халық бай. Мұғалім, дәрігердің айлығы 50-70 мың. Шетелден сиыр әкеп жатырмыз. Оны баға алмай қырылып қалуда. Сонда біз қалай байимыз? Бізде Мемлекеттің қамын ойлайтын Мемлекеттік қайраткерлер аз. Кабинетте отырып, ұлт болашағы үшін жұмыс істеп жатқандарды мен түсінбеймін. Олар кәдімгі «вахтерлер» секілді. Олар уақытша отырған бастықтар. Және уақытша отырғанын өздері де сезеді. Ұлт ұлт болып қалыптасу үшін Президенттен бастап қазақша сөйлеу керек. Лауазымды орынға отырғызар алдында емтихан алынуы керек. Абай атамыз айтқандай «үйден үрген ит секілді» болуды қою керек.

  • Президент қазақ, министрлер қазақ, атқарушы биліктің бәрі қазақ. Сонда бізге қазақша сөйлеуге не кедергі?

  • Бізде кеңес үкіметінен келе жатқан құлдық санадан арыла алмай келеміз. Одан кейін Путинге жалтақтаймыз. Путин деген барып тұрған ұлтшыл. Енді олар қит етсе біздің кез келген қаланы ала салады. Бізде Петропавл, Павлодар дайын тұр ғой.

  • Қазақ Ұлт болып қалыптасу үшін

    Pages: 1 2 3 4 5