қай ұлттан үлгі алу керек деп ойлайсыз?
- Ұлтшылдық жағынан өзбектен үлгі алу керек. Олар ешқашан жастарын бей-берекет жібермейді. Қыз балалар шетел ұлтына тұрмысқа шығып бара жатса, өзбектер секілді 50 мың доллар салық салу керек. Жапондар да ғылым, білім дамып кетсе де ұлттық дәстүрінен айырылмады. Ендеше неге жапондықтардан үлгі алмасқа?! Олардың келіншегі тізесінен жоғары етегін ешқашан көтермейді. Тіптен, біздің қыздарға ойпырмо-о-у, қара нәсілдінің құшағына еніп кетіпсін ғой десең, «какое твое дело, пошел отсюда старик!» дейді. Бізде көшеде тәртіп жоқ, үйде де тәртіп жоқ, Мемлекетте қайдан тәртіп болсын! Бізде бәрібір! Кәріс пе, неміс пе, бәріне бірдей қарауға тиіспіз. Енді өз дастарханыңызға қараңызшы. Нан ғана өзімізден келеді. Бізде жеңіл өнеркәсіп жоқ. Тіптен қаладағы қонақ-үй, тойханалардың біреуі біздікі емес. Біз тек қонақ және жұмысшы ғанамыз. Біз қожайын емеспіз. Ақтөбеге барсам, галландықтар үй салыпты да, үлкен етіп «Амстердам» деп жазып қойыпты. Маған сөз бергенде біздің Мемлекетте шетелдің түрлі қалаларының аты бар, тіпті мынау ғимаратты атай да алмай отырмын, дедім. Менен кейін сөз алған Ақұштап Бақтыгереева «жаңа Дулат ағамыз атын атауға ұялып айта алмай тұр ғой. Қонақ үйдің аты Амстердам. Біздің елде өзге елдің тілінде атаулар аталатын болса және ол ат боқауыз сөзге ұқсаса біз неге рұқсат беруіміз керек? Біз неге көнпіс халықпыз?» деді. Расымен ұлт болу үшін бізге көп дүние керек. Ең бастысы қазаққа тән дәстүрім, тілім, дінім, ділім болуы керек! Қазақ бәріне қабілетті! «Мен қазақпын» деп дүрсүлдеп соғып тұрған жүрек болса болғаны.
Сұхбаттасқан: Оңғар ҚАБДЕН
Дайындаған: Ақгүл АЙДАРБЕКОВА
https://adyrna.kz/post/21468