Дулат Исабеков Елбасыға не айтты?

«Дипломмен ауылға» деген ұран құлағыма кірмейді. Ал мысалы, мен бітірдім. Дипломмен ауылға барамын, ол жерде не істеймін? Менің ауылымда 8000 адам тұрады. Аудан орталығымен бірдей. Жұрттың барлығы жекеменшік фермерлік шаруашылықпен айналысып жатыр. Сырттан барған адамға айлық керек, жағдай керек. Оны алып не істейді? Ауылдағы мұғалімдердің өзі мектепке әрең орналасады. Ашығын айтайын, өзім бір адамды орналастыру үшін, абыройымды салдым. Менен ұялғанынан әрең алды. Бірақ маған айтпа деп, орналастырған адамымнан 400 мың теңге алыпты. Міне, осындайлардың бәрі ұлтымызды бұзады», – дедім.

– Бұл айтқандарыңызға Президент қалай жауап берді?

– Бәріне дұрыс жауап береді ғой. «Қытайлықтардан қорқуға болмайды, олардың әрбір адамы менің блокнотымда жазылған. Жұмыстарын бітіреді де, кете береді», – деді.

Сосын мен: «Нұреке, қазақтың бәрі бастық болғысы келеді. Бір үйдегі бес баланың бесеуі де академияға түседі, университеттерге оқуға тапсырады. Соңында бәрі жұмыссыз жүреді, сауда жасайды. Сондықтан Кеңес Үкіметі кезіндегідей түрлі мамандық алып шығатын училище, колледждерді көбейтуіміз керек. Монтер, электрик секілді мамандықтар беретін айлық, жылдық курстар ашу керек. Жұмысшы табы қалыптаспай, мемлекет болмаймыз. Қазір теледидарың бұзылып, маман шақырсаң, орыс келеді. Тоңазытқыш жөндеуге де орыс кеп тұрады. Осының бәрін қазақ үйренетін кез келді. Содан соң сырттан келген қазақтарды орналастыру мәселесін қолға алу керек. Бұрын жақсы еді, қазір бұл мәселе тоқтап қалды. Көптеген қазақ осында жүріп-жүріп, мал қора таба алмай, квотасын ала алмай, жинап әкелген ақшасының бәрін жеп қойып, Моңғолияға қайтып кетіп жатыр. Қайта Монғолияға рахмет, оларға азаматтығын қайта берді. Ал азаматтығын бермесе қайтеді? Міне, осының бәрі шешімін табуы тиіс мәселе. Шетелдегі қазақтарымызды оңтүстікке қоныстандыра бермей, 2 млн егістік жері бар Павлодар секілді аймақтарға орналастыру қажет. Оларды жан-жаққа шашып-шашып тастамай бірге қоныстандырған жөн. Солай үйренісіп, кірігуі керек. Әйтпесе, жергілікті қазақтар арасына барса, Қытайдан келгенді «қытай» деп, Моңғолиядан келген қазақты «моңғол» деп естерін шығарады, мазақтайды. Баяғыда Ираннан көшіп келген қазақтартың түркістандықтармен араласып кеткені есімде. Өздері орысша білмейтін, онымен қоймай біздің қазақтың көрсетпегені жоқ, кілемдерін ұрлап, базарға барса сабап, заттарын тартып алып жүрді. Әйтеуір, қиындыққа көніп, қазақтың бір елі болып кетті ғой. Кеңес Үкіметінің кезінде, 1962 жылы, мына Қабдеш Жұмаділов бір айда 200 мың қазақты бастап өтті. КСРО-ның КГБ-сы қандай қатал? Сондай қаталдыққа қарамастан, оларға сенім артты, қолдарына жұмыс берді. Ал біз басымызда егемендігіміз бола тұра, оларға жансыз деп қарайтын сияқтымыз. Қазір азаматтық алу үшін 4 жыл бойы жұмыс істеуі керек екен. Төрт жыл қалай күн көреді? Бір ғана квотамен берілген бір 50-60 мың теңге неге жетеді? Сіз 17 млн қазаққа ғана емес, сыртта жүрген 11 млн қазаққа да Президентсіз. Солардың

Pages: 1 2 3