Азияда драматургия жоқ деген стереотип қалыптасқан. Осы бір қасаң қағиданы өстіп-өстіп бұза беруіміз керек.
«Драматургия жарықтық – жаяу жанр» деп жиі айтамын. Ол негізсіз емес. Басқа елге танылу үшін де уақыт керек. Процесс ұзақ жүреді. Бұл – эстрада емес. Таңертең ұшып барып, кешкісін сахнаға шыға салмайсың. Пьесаны оқиды, талқылайды. Әр актер өзіне қандай рөл тиетініне дейін талқылап отырады. Қазақстанда қандай пьеса барын олар қайдан біледі? Дүниежүзінде не көп, драматург көп. Керісінше, оларда Орта Азияда драматургия жоқ деген стереотип қалыптасқан. Осы бір қасаң қағиданы өстіп-өстіп бұза беруіміз керек.
– Көркем шығармаға қарағанда, драматургияның танылуы жеңіл секілді. Әлде, олай емес пе? – Көркем шығарманы шығару оңай. Ақшасын төлесеңіз болды, кітабыңыз дайын. Пьесаны қою – қиын. Көрермен залынан екі-үш адам шығып кететін болса, олар қайтып бұл театрдың есігін ашпайды. Театр осыдан қорқады. Бір клиент үшін күрес жүріп жатыр. Дүкенінде де солай, театры да солай. Кітапты досқа сыйлау, тегін беру деген жоқ. Демек, автордың шығармасының бағасы жоқ деген сөз. Олар да әр кітап есепте тұрады. Кітап шығару мәдениеті бөлек. Өзім де баспаның директоры болдым. Соның өзінде ағылшындардың кітап шығару мәдениетін түсіне алмаймын. Кітаптың қажет екенін айтса болды, үйіне әкеліп береді. Кітап дүкеніне барып, әуре болудың қажеті жоқ. Лондонда жүрген бір аптаның ішінде 200-дей кітап сатылды. – Лондонда ағылшын жазушыларымен дөңгелек үстел өткен екен. Кездесуге кімдер қатысты? – Лондондағы ең басты оқиғаның бірі – осы. Сыншылар, әдебиетшілер қатысты. Менен бұрын Орхан Памукпен де осылай дөңгелек үстел өткізген екен. Сұрақ-жауапқа қатысқанның барлығы риза болды. – Ағылшын әдебиетшілерін не қызықтырады екен? – Қазақ әдебиетінің жайын көбірек білгісі келеді екен. «Сіз драматургияны көп жазасыз ба?», «Драматургияға неге көбірек бұрылып кеттіңіз?», «Қай тілде жазасыз?» деп сұрады. «Саясатқа араласасыз ба?», «Қоғамдық жұмысыңыз бар ма?» деген сауалдар да болды. «Қазіргі саясат сізге ұнай ма?» дейді. – «Қазақ жазушысын әлем танымайды» деген пікірді жиі естиміз. Исабековтің британ жұртына танылуы бұрын-соңды болмаған жайт па? – Қазақ жазушысын әлем таниды деп айта алмаймыз. Исабековтің өзі Еуропаға енді ғана терезе ашып жатыр. Ұлыбританияның кітапханасы – мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл кітапханаға кіру үшін әбден тексеруден өтесіз. Ұшаққа мінерде қалай тексеруден өтсеңіз, мұнда да солай. Сол кітапханаға ертіп алып барды. Екі кітабым осы кітапханада мәңгіге сақталып тұр екен. Қазақ әдебиетін кім оқығысы келеді, солардың оқуына мүмкіндік бар. «Менен басқа қазақ жазушыларының шығармалары бар ма?» деп сұрап едім, «Жоқ» деп жауап қайтарды. Абай жоқ, Мұхтар Әуезов жоқ. Неге? Оның себебі басқа екен. Қазір қазақ жазушылары ағылшын тіліне көптеп аударылып жатыр. Мәскеуден де шығып жатқан