Күштілер қаруы – сөз — Дулат Исабеков

кітаптар көп. Оның бәрін британ кітапханасына қа­былдай бермейді. Оны қабылдау үшін қойылған белгілі бір талап­тары бар. Англияда тұратын ау­дармашы аударуы керек. Осы елдің баспасынан шығуы тиіс. Тіпті Американың да тіліне сен­бейді. Британ аудармашысы ау­дар­ған, сол елдің баспасынан шық­қан кітаптарға сараптама жа­сағаннан кейін ғана кітап­ханаға қабылдайды. Бірінші болып, британ кітапханасында тұрғаным жақсы. Екінші жағы­нан, қуанатын да нәрсе емес. Бұл дегеніңіз – біз мемлекеттік деңгейде жұмыс істей алмай отыр­мыз. Жақсы дүниені оқыр­ман тауып алады деген бекер сөз. Насихат болмаған жерде кітап өтпейді. Оқырманға жетпейді. Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның сыртқы имиджі» деген бағдарлама бар екен. Оған біраз қаржы бөлінеді. Сол ақ­ша­ның қайда жұмсалып жат­қанын біл­меймін. Әдебиетке жұмсаған қар­жы тиімдірек болар еді. Әрі оған көп ақшаның да қажеті жоқ. – 75 жылдық мерекеңіз Лон­дон­да басталды. Мерейтойыңыз елі­мізде қалай жалғаспақ? – Әуелде 27 қазанда театрда өткіземіз бе деген жоспар болып еді. Оған дайындығымыз кемшін секілді. Сол себепті, қараша айы­на қарай ұзарттық. Мерей­тойды думандатып тойлатқанды онша ұната бермеймін. Ел шы­ғармаларымды оқып жатса, театр пьесаларымды қойып жат­са, соның өзі – үлкен мереке. Осы жолы Лондон сапарынан көңіліміз марқайып қайтты. Жапониядан да кітап сұратып жатыр деген хабар келді. Бұл Лондон сапарының әсері болар. Фестивальді қолдағаны үшін Мәдениет және спорт министр­лігіне, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына айтар алғысым шек­­сіз. Театр ұжымдарына да ри­­замын. Екі бірдей театр екі пье­­­­самды Лондон төрінде қойып, көңілімді марқайтып тас­­та­ды. – Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Гүлзина БЕКТАС

https://silteme.kz/index.php/baska/suhbat/item/1518-k-shtiler-aruy-s-zi-dulat-isabekov

Pages: 1 2 3 4 5