тәжірибелер бар.
– Ал ойландырғаны: Мен дүйсенбі күні хабарластым. Сіз сәрсенбі сабағым бар, ертең дайындалуым керек. Бейсенбі жолығайық дедіңіз. Сіздің жасыңыздағы көп қаламгерлердің жәй жиналыстың өзіне дайындықсыз барып, сөйлейтінін көріп жүрміз. Сіз үшін студенттердің алдында дайындалып барудың маңыздылығы неде?
– Мен дайындықсыз сабақ өткен емеспін. Академияның мұғалімдерінің көбі дайындықсыз сабақ өтеді. Менің айтатыным: «Сендер жәй оқу орнын бітіріп отырған жоқсыңдар. Академияны бітіріп жатсыңдар. Сендердің білімдерің академиялық болу керек» деп айтамын. Жазушылыққа үйрететін ешқандай академия жоқ. Менің үйретерім – тек бағыт беру. Брехттің шындыққа жазғысы келетін адамға арналған бес қағидасы бар. Соны үйреніп алса деймін. Не жазасың, не үшін жазасың, кім үшін жазасың, қалай жазасың, цензура. Цензурадан да айналып өтуді Брехт үйретіп кеткен. Реформатор ғой. Театр саласында реформаторлар көп емес.
– Қазіргі жастар қандай, аға?
– Ылғида жақсысыңдар деп айта бермеймін ғой. Оларды оятып, түртіп отыруым керек. Бірақ қашықтан оқыту деген қиын екен. Суретке қарап отырып сөйлегеней боласың. Бұрын қарсы қарап сабақ бергенде, бәрі көз алдыңда тұратын.
Қазір студенттеріме бес тақырып беріп, бір дүние жазып келіңдер деп тапсырма бердім. Мақала, әңгіме бола ма, этюд бола ма. Келесі аптада соларды тыңдаймын. Мен берген тақырыпқа қатып қалмаса болады. Қазір жастар біздің стильде жазып жүр. «Сендер 21 ғасырдың драматургі боласыңдар, бола қалсаңдар. Ойларың басқа, махаббаттарың басқа, өмір сүрулерің басқа. Жаңа дүние жазып әкеліңдерші. Мен түсінбейтін пьеса жазып әкеліңдер. Форма, стиль жағынан. Мен түсінуге тырысайын. Түсінбесем, сендерден сұраймын» деймін.
– Сіздің пьесаларыңызды қазақ театрларынан гөрі орыс театрлары жақсы қоя білгендей көрінді. Сіз қалай ойлайсыз?
– Дұрыс айтасың. Ол баяғыдан келе жатқан өзімнің ойым ғой. Қазақ театрына өкпелеудің реті жоқ. Әуезов театрына ризамын. Екі жақтың театрының жұмыс істеу реті екі бөлек. Біздің театрлар драматургпен жұмыс істе алмайды. Біздікілердің жұмыс істеуі – қысқарту ғана. Өз жанынан сөз қосу. Ол болмайды. Әуезов театрында «Жүз жылдық жалғыздықты» қойғанда қиын болды. Екі рет жауып тастадық. Егерде қысқартып, өз жандарынан сөз қосатын болса, онда өздері жазсын.
Лермонтов театры «Торды» қойғанда қалай болды. Бірінші қабылдап алды. Екінші режиссердің жоспары жасалды. Әр сөз, әр сөйлемді қарады. Біздің режиссерлер жалқау, ондайға бармайды. Біз Андриасянның дачасына барып, екі күн бойы әр сөзге шұқшидық. Түрлі-түсті бояумен сызып отырып, қарады. Содан кейін актерлерді дайындады. Кейін қойды. Спектакль жақсы шықты. Ал Әуезов театры «Жүз жылдық махаббатты» қойғанда, бірінші көріліміне барсам, Брюсов орысша сөйлеп жүр. Онда да менің жазғаным емес. Танымай қалдым. Асанәлі көркемдік жетекшісі жылы сөйлеп, қабылдап жіберейін деп тұр. «Асеке, алдымен мен сөйлейін.