style=»font-weight: 400;»>Оқиғаны құр баяндап беру – драматургия емес. Нені айттың? Кімге айттың? Қалай айттың? Не үшін айттың? Міне, осы төрт сұраққа жауап бер. Сонымен қатар, оқиғаны бірсыдырғы өрбіте бермеген дұрыс. Ол көрерменді он минуттан кейін жалықтырып жібереді. Мінездегі ерекшелік, оқиғаның дамуындағы өзгешелік, морт сыну, өткір диалог, күтпеген оқиғалар құру… Қысқасы, көрерменді қызықтырып, жетелеп отыруға тырысқан жөн.
Белгілі бір детальді, сюжетті алғанда бәрін айта бермеу керек, өйтсең, композицияның мәні қалмайды. Бірін ғана айт. Осы оқиғаның ең ұрымтал тұсы не? Сол драматургияның кілті болады. Мысалы, «Жаужүректі» немесе «Жүз жылдық махаббатты» жазарда кілтін таба алмай, ұзақ жүрдім. Негізі, оны жазу ойымда да жоқ еді. Бірде Солтүстік Қазақстан облыстық драма театры «Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына байланысты Балуан Шолақ жайлы пьеса жазып беріңізші» деді. Мен ат-тонымды ала қаштым. Бірақ, олар «жаңа пьеса жазып беріңіз» деп қолқалауын қоймады. Мен 5-6 ай ойланып жүріп, ақыры кілтін тапқандай болдым. Оның бүкіл өмірбаянын айтсаң, көрермен көреді, «қайран, біздің боздағымыз-ай» деп көзіне жас алады – болды. Бірақ, оның қажеті бар ма? Жазушы бұрын-соңды болмаған тың нәрсені таба білуі керек. Мен соны тапқандай болдым. Жазып шықтым. Бүгінде театрда жақсы жүріп жатыр.
Мен драматургиядан сабақ беремін. Жақында ғана бір студентім Әуезов театрында жарияланған конкурста бәйге алды. Ол да менің драматургияға қосқан еңбегімнің жемісі деп білемін. Драматургия үлкен ізденісті талап етеді. Жетпістен ассам да, әлі күнге дейін ізденемін. Әлі күнге дейін көп нәрсені білмейтін сияқты күй кешемін. Жаңа кітап қолыма түссе, «бұрын неге оқымағанмын?» деп ойлаймын. Ұзын саны 27 пьеса жазыппын. Сахнаға қойылмағаны жоқ. Өзімізді есептемегенде, шет тілдеріне аударылып, бірнеше мемлекетте қойылып келеді. Бұл – шығармаларымның керек екенінің бір дәлелі.
– Біздің театрларда пьесаға ұқсамайтын, поэтикалық сарындағы қойылымдар өріп жүр. Неге сондай дүниелердің сахнаға шығуына жол береміз?
– Кім білсін… Театр басшылығына байланысты шығар. Көңіл- жықпастық деген тағы бар, сондай пендеуи себептермен сахнаға шығып кетуі мүмкін. Тіпті, көрермен келмей жатса да, мақтауын асыра ұйымдастырып беретіндер бар. Қазір плюрализм, яғни, пікір алуандығын алға ұстап, нашар дүниені ақтап алатындар көбейді ғой. Кейінгі уақытта шынымен-ақ театрдағы репертуар, драматургияның сапасы төмендеп кетті. Кез-келген тақырыпты ести сала жазу – кемшілік, оны пісіріп, кілтін таба білу керек. Менде де талай тақырып тұр. Соларды жазып, көрерменді жылатуға да болады. Бірақ, мәселе онда емес. Ең бастысы – оқиғаны екшей білу. Ал қазіргі көп шығармалар – драма емес, сахналық поэзия. Баяғы Райымбек Сейтметовтер қойып жатты ғой, Қадыр Мырза Әли, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар