Дулат Исабеков: Телевизия – жастардың жиын немесе концерт өткізетін мекемесі емес

Шаханов, Тоқаш Бердияровтың өлеңдерін сахналап шығарды. Ол – басқа жанр! Ал оны пьеса деп беру – үлкен қателік! Мұны драматургияға қарсы жасалып жатқан әрекет деп есептеймін. «Ішінде баласы жоқ әйелдің толғағы сияқты» – Өткен ғасырдың 60-70-жылдары жайында «Лениншіл жас» газетіне бір мақалаң шықса, таңертең жұлдыз боп оянатынсың» деген сөзіңіз бар ғой. Ал қазір ел біле бермейтін есімдер бір кітап шығарып, жарқыратып тұсаукесер жасап жатады. Ал одан кейін сол кітапты оқып, қызу талқыға салып жатқандарын байқамаймыз. Бұл турасында не айтасыз? – Қазір кітап шығарып, тұсау кесуге құмарлар көбейді. Бірақ ертеңгі күні бәрі ұмытылып қалады. Себебі, тың көзқарас, жаңашылдық, батыл ой жоқ. Баяғы сары уайым, әйтеуір «ұлтым», «тілім» деп өлең жаза беретін «күшеншек» ақындар шықты. Мен ондайларды «Ішінде баласы жоқ әйелдің толғағы сияқты» деймін. – Жазушы Дидар Амантай бір сұхбатында «шет елде жаңа кітаптың 30-40 секундтық жарнамасын жасап, әлеуметтік желілерден, телеарналардан насихаттайды» деп айтқан еді. Біз де сондай тәсілді пайдалансақ қалай болар еді? – Қазір жарнаманың заманы ғой, бәлкім, ол да керек шығар. Бірақ, кейін қандай кітаптарға жарнама жасалып кетеді? Тағы да бейталанттар таланттардың алдын орап кетіп, соларға жарнама көбейе бастаса, «мұны тоқтату керек» деген пікір қайта шығады. Жақсы кітаптар жарнамасыз қалады да, нашарлары жарқ-жұрқ етіп беріліп жатады. Бұрын біз «капитализм келді, нарықтық экономика табалды­рықты аттады, енді таза әдебиет қана шығып, «халтура» тоқтайтын болады» деп ойлайтынбыз. Қазір таза әдебиет тасада қалды да, арзан­қол дүние алға шығып кетті. Содан кейін біздің оқырман шатасып жатыр. «Осы бір кітапты оқиыншы» деп сатып алса, болмайтын бір дүние болып шығады. Ал жақсы кітаптар бар болғаны 2000 данамен тарайды. Ол кімге жетеді? Содан кейін «халтуралар» жақсы кітап­тардың алдын орап, жарнаманы да солар иеленіп жатады. Мен Англияға барғанда, кітапханаларының бәрінде болдым. Бізге қарағанда, олардың телеарналары да, киносы да жақсы дамыған ғой. Олар біз ойлағандай емес, кітапқа да ерекше көзқараспен қарап, жақсы оқиды екен. Оларда кітап жәрмеңкесі, саудасы ерекше жолға қойыл­ған. Ғаламтордың заманында да кітап шетке ысырылып тасталмаған. – Қазір интеллектуалды әдебиет керек деген пікір жиі айтылып жүр. Қарапайым тілмен айтқанда, ол қандай болуы керек? – Меніңше, қазір жұрт қызығатындай шығармалар қажет. Бала кезімізде «қызық кітап» деуші едік қой. Сондай «қызық кітаптар» керек. Мәселен, бір оқиғаны 10 адам бірдей көруі мүмкін, бірақ, соның ішінде сол оқиғаны қызықтырып айта алатын бір адам болады. Жазу­шылық деген – шеберлік. Майын тамызып, қызықты етіп жеткізе білу, оқыған адам сол шындықтан бір ғибрат алатындай, көкейіндегі сұраққа жауап табатындай, бей-жай қалмайтындай жазу қажет. Оқырманның көкейіндегісін дөп басып тауып, ол «бұрын мен мұны қалай байқамағанмын?» дейтіндей болуы

Pages: 1 2 3 4