Дулат Исабеков: Телевизия – жастардың жиын немесе концерт өткізетін мекемесі емес

керек. «Мен де осылай жазып, айта алатын едім ғой» дегізсе, ол – шығарманың шыншылдығы, шынай­ылығы. Ал соны өзің тыңнан жазып көрші. Бұл – екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Шыншыл әдебиет, суреткерлікпен жазылған шығарма өміршең болады. Қандай шындық болсын, егер шебердің қаламынан шықпаса, құнсыз, жансыз күйінде қалады. – Дулат аға, кейінгі кезде телеарналар «жасарып» кетті деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы жағдай сізді алаңдата ма? – Алаңдатқанда қандай! Жалпы, телевизия – жастардың жиын немесе концерт өткізетін мекемесі емес. Оған тәжірибесі мол, аналитикалық қабілеті, қоғамдағы бүкіл ахуалдан хабары, өзіндік пікірі мен талғамы, ұлттық ұстанымы бар, сауатты, көп нәрсені көкейіне түйе білген адам керек. Мұның бәрін бір адам бойына жинақтау үшін де біраз уақыт қажет. Ал мектепті, университетті жаңа бітіріп келген қыздар «робот» сияқты. Бар деген жеріңе барады, айтқаныңды істейді. Рас, сымбатты, әдемі шығар, бірақ, телевизияның мақсаты ол емес. Мысалы, СNN, 365, RBK деген арналарды көрсең немесе Ресей теледидарын қарасаң, олардың сұрақ қойып отырған журналистері экономистердің, саясаттанушылардың өздерін шатастырып жібереді. Президенттермен сұхбаттасу барысында сұрақ қою шеберлігімен ерекшеленіп жатады. Міне, бізге осындай талантты адамдар керек. Білікті журналистер дайындау қажет. Қазақ теледидары олардың қасында әлі бала сияқты. Қазір біздің арналарды көрудің өзі қиын. Тіпті, кейде өзім қатысқан бағдарламаларды да көргім келмей кетеді. Ал, мысалға Ресейді алсақ, бір киноны талқылайтын болса, алдымен бәрі көріп алады, сосын пікірлерін білдіреді, әркім өз кезегімен сөйлейді. Сынды да дұрыс қабылдайды. Ал бізде ше? Бәрі бір-бірін тыңдамай, қызылкеңірдек болып дауласып, соңында «сені де білеміз ғой» дегенмен аяқтайды…

Pages: 1 2 3 4