Қазақтың көрнекті жазушысыДулат Исабеков қай кезде деқоғамдық өмірге белсенеараласып, елде болып жатқанүлкенді–кішілі оқиғаларға өзкөзқарасын білдіріп отырады. Қаламгерді толғандырған мәселекөп: оқырман мен әдебиетарасындағы байланыс, күнделікті өмірдегі тосынжәйттар мен мәдениетсаласындағы түйткілдер… Біздіңбүгінгі әңгімеміз де осытөңіректе өрбіді.
– «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дейді хакім Абай. Елімізде соңғы кездері болып жатқан лаңкестік әрекеттердің, түрлі заң бұзушылықтардың, жастар арасындағы қылмыстың көбеюіне осы Абай атамыз айтқан жағымсыз нәрселер әсер етіп отырған жоқ па?
– Сұлманмахмұттың: «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген сөзі бар. Бәрі өзімізден болып жатыр. Бізге жау сырттан келіп отырған жоқ. Өзіміз осындай жағдайға жеткізіп алдық. Қалай? Өйткені біз себебімен емес, салдарымен ғана күресіп жүрміз.
Мәселен, өзін-өзі өлтіріп жатқан балалардың түп-төркіні, себебі неден екенін зерттеп отырған арнайы ғылыми институттар бар ма? Жоқ. Оның салдарына үңіліп отырған да ешкім жоқ. Осындай зерттеусіз, салдары анықталмаған жағдайларда мұндай іс-әрекеттердің белең ала беретіні даусыз.
Қазір жастарымыздың көбі – жұмыссыз. Ұрлық істеген жігіттен сұрасаңыз, «жұмыс жоқ, ақша жоқ, сосын амалсыз ұрлыққа бардым» дейді. Баласын сатқан әйелден сұрасаңыз: «күн көрісім қиындап кетті, баламды сатпағанда не істеймін?» деп, өзіңе қарсы сауал қояды.
Баласын сату деген ешқандай дінде жоқ нәрсе. Немесе сату үшін бала туу сияқты дүниелер бізде ғана орын алып отыр. Осының бәрінің түп-төркіні неде? Жұмыссыздық пен тойып тамақ ішкендердің кесірі.
Елімізде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асты. Осы жап-жақсы бағдарламаның өзін кейде алаулатып, жалаулатып жалған ұранға айналдырып алғандаймыз. Мәселен, менің ауылым Монтайтаста сегіз жүз халық тұрады. Ол ауылға дипломмен кімдер барады? Ауылда тек мектеп ғана жұмыс істеп тұр. Дипломы барлардың бәрін тек мектепке апара алмаймыз ғой.
Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін колхоз-совхоздарды сақтап қалған екі мемлекет ғана бар. Ол – Өзбекстан мен Белоруссия. Олардың бәрінде де жұмыс бар. Мүмкін, айлығы аз шығар. Бастысы, екі қолға бір күрек табылып тұр. Бүгінгідей науқан қызып отырған жағдайда олар қолынан кетпені мен айырын тастаған жоқ. Барлығы жұмыспен қамтылған.
Бізде бәрі тарап кетті. Екі қолға бір күрек табылмай тұр. Меніңше, қылмыстың көбеюінің түп-төркіні осында жатыр. Қазір елімізде түрлі діни орталықтар қаптап кетті. Соны көріп, біліп жүргенімізбен, күресуге қауқарымыз жоқ. Қысқа балақ, сақалдылар көп. Олар қандай ағымның өкілдері? Олар дінбұзарлар емес пе? Оны неге зерттемейміз?
Сирияға кім кетіп жатыр? Адасып жүргендер. Жұмыс жоқ, ақшасыз жүргендерді түрлі ағымға алып кету оңай. Оларды ең алдымен ақшамен көзін байлайды. Тегін тамақ береді, оқытады. Ары қарай иірім сияқты өзіне тартып әкетеді де, оңай адастырады. Сосын өз қалауын жүзеге асыра береді.
Ақтөбе, Алматыда орын алған оқиғалардың тамыры осында ма деп қаламын. Өткенде Алматыны дүрліктірген жалғыз адам екен. Жалғыз адамның кесірінен жалғыз Алматы ғана дүрлікті ме? Бүкіл Қазақстанның назарын өзіне